Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екені белгілі болды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 01/10/2024

Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екені белгілі болды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Осы жылғы 1 шілдедегі есеп бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 166,7 млрд АҚШ долларына жетті.

Сыртқы қарыздың 87,5%-ы – ұзақ мерзімді борыш

«Жыл басынан бастап сыртқы борыш төлем балансы бойынша операциялардың есебінен 2,7 млрд долларға, бағалық, бағамдық және басқа өзгерістер есебінен 0,3 долларға өсті.

Қазақстанның сыртқы қарызының құрылымында өтеу мерзімі бойынша 87,5%-ы ұзақ мерзімді (1 жылдан астам) сыртқы борышқа тиесілі. Бұл бір жағынан өтімділік тәуекелдерін азайтады, екінші жағынан жалпы нарықтық талаптар өзгеруінің борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге әсерін күшейтеді», — деп хабарлады Ұлттық банктен.

Қазақстан сыртқы борышының қаржы құралдарының түрлері бойынша құрылымында бейрезиденттерден тартылған несиелер мен кредиттер (73,9%) және бейрезиденттердің қолындағы борыштық бағалы қағаздар (8,0%) басым болды.

Сыртқы борыш деген не?

Сыртқы борыш – белгілі уақыттағы өтелмеген резиденттердің бейрезиденттер алдындағы негізгі борышты немесе пайызды төлеуді талап ететін нақты және сөзсіз міндеттемелері.

Республиканың сыртқы борышы бойынша статистикалық есепте елдің халықаралық инвестициялық позициясында көрсетілген сыртқы міндеттемелердің құрауышы болатын елдің борыштық міндеттемелерінің құны және құрылымы көрсетіледі. Сыртқы борышқа кіретін міндеттеме нақты және өтелмеген болуға тиіс. Кредитордың қарыз алушыға талабының болуы шешуші фактор саналады.

Қарыз бір жылда 1,3 пайызға артқан

Айтып өтелік, биыл 1 қаңтарда сыртқы қарыз 162,7 млрд долларды құрады. Ұлттық банк статистикасында борыштың бір жылда 1,3 пайызға артқаны айтылды.

2023 жылдың басында сыртқы борыш 160,7 млрд доллар болған. Оның басым бөлігі – фирма аралық қарыздар.

Сурет: Ұлттық банк

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Cтатистика Қазақстанның сыртқы қарызы Сыртқы борыш Ұлттық Банк
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.