Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Өте өзекті»Қазақстандықтардың жеке дерегі ғаламторда таралып кетті: Цифрлық даму министрлігі зерттеп жатыр
Нұртай Текебаев Өте өзекті 17/06/2025

Қазақстандықтардың жеке дерегі ғаламторда таралып кетті: Цифрлық даму министрлігі зерттеп жатыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

TSARKA кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы интернеттен қазақстандықтардың жеке деректері енген 16,3 миллион жазбаны тапқан.

TSARKA Group вице-президенті Еңлік Сатиева мәліметтердің барлығы ашық дереккөзде тұрғаны  алаңдататынын айтты.

«Әсіресе маңызды жеке деректер тарап кетті: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, ЖСН, мекен-жайы, ұялы телефон, үй немесе жұмыс орны телефонының нөмірлері, тағы басқа деректер бар. Бұл әртүрлі облыстардан жиналған ақпарат болуы мүмкін», — деп түсіндірді Сатиева.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті осыған байланысты тексеру жұмысын бастаған.

«Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар нәтижесінде бұзылуы тіркелген жоқ. Тексеру толық аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасау немесе ақпараттың шынайылығын растау ерте», — деп ескертті ведмство.

Егер қандай да бір азаматтардың дербес дерегі анықталса, министрлік eGov порталындағы жеке кабинет арқылы хабарлама жібереді.

Kursiv Media жазуынша, 2024 жылы 5 наурызда Zaimer.kz арқылы қазақстандықтардың 2 миллионнан аса жеке деректері тарап кеткен. Министрлік азаматтарға «Робокэш.кз» микроқаржы ұйымынан моральдық шығын өтеп алу үшін сотқа жүгінуге кеңес берген.

Былтыр «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандық «Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

TSARKA – Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік қызметтерінің ең ірі жеткізушісі. Қазақстан нарығында 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Компания қауіпсіздік мәселелерін зерттеумен шұғылданады.

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
    2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
IT Басты ақпарат жеке дерек интернет киберқауіпсіздік Қазақстан
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
Өте өзекті

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026
Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.