15 қыркүйектен бастап қолданысқа енетін Aitu, eGov, eGov Business және eOtinish қызметтерін тарифте қаражат жеткіліксіз болса да қолдануға болады.Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Цифрлық даму жоспарына сәйкес, азаматтар мобильді шотында ақша болмаса да мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе алады. Бұл қадам digital by default форматына көшудің маңызды кезеңі болмақ.
Aitu қосымшасы бастапқыда Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы күштері қызметкерлерінің ішкі байланысы үшін қажет отандық мессенджерретінде таныстырылды.
Қазір 1 408 мемлекеттік қызметтің 368-і толық автоматтандырылған, 984-і электрондық форматқа көшуге дайын, ал 56 қызмет проактивті режимде жұмыс істейді.
Жыл соңына дейін электронды мемлекеттік қызмет түрлеріне жасанды интеллектінің көмегі қосылады.
фото: freepik.com

