Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
    • Ақпараттық хабарлама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 22 қараша
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақстандықтар депозиттен жиі ақша алып жатыр
Дария Ғұмар жаңалық 29/12/2025

Қазақстандықтар депозиттен жиі ақша алып жатыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда тұрғындардың банк депозиттеріндегі қаражаты бір ай ішінде 141 млрд теңгеге қысқарды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Депозиттер көлемінің төмендеуіне ең алдымен ағымдағы және карталық шоттардағы қаражаттың 4%-ға азаюы әсер еткен. Сондай-ақ мерзімді және мерзімсіз депозиттер де 0,66%-ға кеміген.

Сонымен қатар жинақтаушы салымдар көлемі керісінше өсім көрсеткен. Бір айда олардың көлемі 3,31%-ға артып, 4 трлн теңгеге жеткен. Жыл басында бұл көрсеткіш 2,6 трлн теңге болған. Осылайша, жинақтаушы депозиттер 52%-ға ұлғайған.

Биыл маусым айында жеке тұлғалардың депозиттері бойынша орташа мөлшерлеме 14,2%-ды құрады. Ұлттық банктың деректеріне сәйкес, аталған мөлшерлеме 1996 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш саналады.

Экономист маман Нұрсұлтан Ерболатұлы Sarapshy.Info-ға берген сұхбатында инфляция деңгейімен күресу үшін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жоғары деңгейде ұстап, қатаң ақша несие саясатын ұстанатынын атады.

«2025 жылдың маусымында елімізде инфляция деңгейі 11,8%-ды құрады. Депозит сыйақысының тиімді мөлшерлемесі жоғары болғанымен ол табысты уақыт өте келе инфляция жеп қояды. Екіншіден, теңгенің долларға құнсыздануы жалғасып келеді. Маусымда доллардың бағамы антирекордқа жетті.

Базалық мөлшерлеме өскен сайын несиенің де құны артады. Сәйкесінше депозит ставкасы да тұтынушы үшінтартымды болады.

Егер елде инфляцияның өсу қарқыны ауыздықталмаса, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені әрі қарай көтере алады. Жоғары базалық мөлшерлеме несиені қымбат етіп, экономиканы кредиттеу тарылады. Дегенмен де несиенің жоғары пайызына қарамастан тұтынушылық несие азаймай тұр. Бұл тұтынушыға пайыздың өсімі әсерін беретіні екіталай екенін көрсетіп отыр», — деді сарапшы.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026
жаңалық

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026
жаңалық

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

23/10/2026

Жаңа мақалалар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

Біздің сараптама 27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

жаңалық 27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

жаңалық 24/10/2026

Рубио Орталық Азияға алғаш рет келді: Самарқанда не талқыланды?

Әлем жаңалықтары 24/10/2026

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

жаңалық 23/10/2026
Сайт мұрағаты
Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Қаз    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.