Қазақстанда республикалық және халықаралық маңызы бар көлік жолдарын жөндеуден кейінгі кепілдік мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Бұған дейін жол саласында кепілдік мерзіміне қатысты міндетті бірыңғай талаптар болмаған.
Құрылыс және күрделі жөндеуден кейін кепілдік уақыты жол санаты мен көлік қозғалысының қарқындылығына байланысты 4 жылдан 8 жылға дейін, ал орташа жөндеу кезінде 3 жылдан 6 жылға дейін созылады.
Сонымен қатар жөндеуаралық мерзім кестесі жеке бекітіліп, цементбетон жамылғысы бар жолдар үшін 25 жыл, асфальтбетон жамылғысы бар жолдар үшін 16 жылды құрады.
Жол инфрақұрылымы элементтері бойынша да нақты талаптар енгізіліп, бордюрлердің қызмет ету мерзімі 20-30 жыл, жол белгілері 10 жыл деп белгіленді.
фото: istockphoto.com

