Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Қазақстанда жол апаты 90 пайыз көбейді» – Бас прокурор
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 02/10/2024

«Қазақстанда жол апаты 90 пайыз көбейді» – Бас прокурор

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Елде жол апаты көбейді. Бүгін бұл жөнінде бас прокурор Берік Асылов айтты. Жағдайға байланысты прокурорларға бірқатар тапсырма берілген.

Жолдағы апат 90% өсті

«Өткен жылмен салыстырғанда жолдағы апат саны 90% өсті. Жол-көлік оқиғалары құрбандарының саны да артқан. БҚО, ШҚО, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласында теріс үрдіс орын алып жатыр. Осыған байланысты, прокурорларға мемлекеттік органдармен бірлесіп, ең алдымен жолдардың неғұрлым апаттық-қауіпті учаскелеріне назар аудару арқылы ЖКО-ның себептерін анықтап, нақты шаралар әзірлеуді тапсырдым», — деп жазды бүгін «Х» әлеуметтік желісіндегі парақшасында ол.

Қазақстанда жол апаты тым жиі болады

Жыл басынан бері ел аумағында 1 300 адам жол апатынан көз жұмып, 16 мың адам зардап шеккен.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, 2023 жылы Қазақстанда 15 886 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 1 984 адам қайтыс болған. Ал биыл мамырда Ішкі істер министрлігі жыл басынан бергі төрт-бес ай уақыт ішінде 542 адам көз жұмып, жеті мың адам әртүрлі жарақат алғанын мәлімдеген.

Шілде айында жыл басынан бері 10 мыңнан астам жол апаты тіркеліп, онда 981 адам қаза тапқаны, 12 мыңнан астам адамның жарақат алғаны белгілі болды. Бұл – жарты жылдың ғана қорытындысы.

Елімізде жол апатынан жыл сайын екі мыңға жуық адам қаза табады. Қазақстан осы алаңдатарлық статистика бойынша Орталық Азия елдері арасында – бірінші орында. 

Біріккен ұлттар ұйымы бұған дейін әлемде жыл сайын 1,3 миллион шамасында адам жол апатынан қаза табатынын мәлімдеді. Оқыс оқиға салдарынан көз жұматындардың әрбір төртіншісі – жаяу жүргінші мен велосипедші. Ал жарақат алатындар – 50 миллион шегінде. Ең қызығы, өміріне қауіп төнгендердің орташа жасы 5-тен 29-ға дейін. Яғни, жастар жағы жол апатынан көбірек құрбан болып жатыр.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Х» әлеуметтік желісі 2024 Бас прокурор Берік Асылов Жол-көлік оқиғалары Қазақстандағы жол апаты
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.