Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 14 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда уран экспорты рекордтық деңгейге жетті
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 19/09/2024

Қазақстанда уран экспорты рекордтық деңгейге жетті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Елде биыл жеті ай ішінде шетелге $2 млрд болатын өңделген табиғи уран экспортталған. Бұл былтырғы жылдың дәл осы айларымен салыстырғанда 54%-ға артық. Сонымен қатар 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Барлық өсім бағаның көтерілуімен байланысты. Себебі физикалық түрде экспорт өзгерген жоқ (10,3 млн кг уран, жылдан жылға +1%).

Уран нақты қай елге кетіп жатыр?

DataHub мәліметіне сүйенсек, қаржы бойынша негізгі үлес – РФ-да (46%). Жылдық деңгейде жеткізілімнің жалпы құны 23%-ға артты, десе де, физикалық түрде экспорт шамамен сондай көлемде төмендеді. 1 кг уранның орташа бағасы тиісінше көтерілді (+63%).

Егер доллармен емес, уранды килограмымен есептесек, биылғы басты сатып алушы Қытай болып отыр. Оның үлесі – 44%. ҚХР бір жылда +21%, ақша түрінде +72% сатып алды.

Келер жылы уран өндірісі төрт мың тоннаға артады

Елімізде келер жылдан бастап уран өндірісі ұлғайып, экспортқа жіберілетін дайын өнім тағы төрт мың тоннаға артпақ. Ол үшін өндірістік технологиялар жетілдіріліп, шикізаттың мол қоры бар кен орындарында барлау жұмысы жүргізіле бастайды. Бұдан бөлек уран құрамындағы ілеспе металдарды кәдеге жарату ісі де қолға алынбақ.

«Қазатомөнеркәсіп» мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 56 кен орны бар. Оның 14-де кен өндіріледі, қалғаны резервте. Кен орындары Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында шоғырланған.

Былтыр Қазақстан әлемдік нарыққа 21 мың тонна табиғи уран шығарды, бұл дегеніміз – әлемдегі бастапқы өндірістің тұтас көлемінің 40 пайыздан астамын құрайды.

Сурет: kazatomprom.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Әлемдік нарық Қазақ елі Қазатомөнеркәсіп Уран өндірісі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Атырау аквапаркінде 14 бала хлордан уланды

14/07/2025
жаңалық

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

14/07/2025
жаңалық

Перизат ісі: сот бейнетүсірілімге тыйым салды (ВИДЕО)

14/07/2025

Жаңа мақалалар

Атырау аквапаркінде 14 бала хлордан уланды

жаңалық 14/07/2025

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

жаңалық 14/07/2025

Перизат ісі: сот бейнетүсірілімге тыйым салды (ВИДЕО)

жаңалық 14/07/2025

Негізгі ҰБТ-ның қорытындысы жарияланды

жаңалық 14/07/2025

Қызылордада ағаш өңдеу зауыты өртенді

Оқиға 12/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атырау аквапаркінде 14 бала хлордан уланды

14/07/2025

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

14/07/2025

Перизат ісі: сот бейнетүсірілімге тыйым салды (ВИДЕО)

14/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.