Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда шетелдік инвестиция тарту құлдырай бастады
Нұрсұлтан Ерболатұлы sarapshy.info 20/01/2025

Қазақстанда шетелдік инвестиция тарту құлдырай бастады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Шетелдік инвестициялар – өзге мемлекеттерден келетін капитал, технология, білім мен тәжірибе. Осы ресурстар инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, инновациялық технологияларды енгізуге және экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін шетелдік инвестиция – экономиканы шикізаттық бағыттан өңдеуші өнеркәсіпке көшірудің негізгі құралдарының бірі.

Шетел инвестициясы азайып келеді

Ұлттық банк 2024 жылдың 9 айында елімізге тартылған шетелдік инвестиция көлемін анықтады. Ресми мәліметке назар аударсақ, былтыр қаңтар-қыркүйек айлары аралығында шетелдік инвестициялардың ағыны 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 55,8%-ға төмендеп, 12,7 млрд долларға дейін кеміді.  2022 жылдың 9 айында елімізге шетелдік  инвестицияның жалпы ағыны 22,1 млрд долларды құраса, 2023 жылы 19,8 млрд долларға дейін азайды. Құлдырау 2024 жылдың 9 айында да жалғасып, 12,7 млрд долларға дейін төмендеді.

Таза инвестицияны тарту төмен деңгейде

Ең алдымен, инвестиция саласында «алып кету» мен «алып келу» ұғымдарына ой жүгіртіп алған жөн. Себебі бұлар – нарықтағы ахуалды талдауда маңызды индикаторлар.

Таза әкелу – инвестиция жағдайының жақсы деңгейде екенін көрсететін факторлардың бірі. Ол бізге не береді? Егер инвестция тарту көлемі әкетуден асып кетсе, онда таза инвестиция оң (+) болады. Егер алып кету көлемі әкелуден артық болса, таза инвестиция теріс (-) мәнге ие. Тарқатып айтсақ, елге келетін инвестиция есебі шетел асқан инвестициядан әлдеқайда көп болса, бұл экономиканың тартымды екенін білдіреді. Ал керісінше жағдайда белгілі бір мәселелердің (мысалы, тұрақсыздық немесе тартымсыз бизнес орта) бар екенін көрсетуі мүмкін.

Шетелдік инвестицияның келуі (кіріс инвестициялары) – басқа мемлекеттердегі инвесторлардың ел экономикасына құятын қаржысы. Олар әдетте өндірістік кәсіпорындарды, инфрақұрылым жобаларын немесе мемлекеттік облигацияларды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ жұмыс орындарын құрып, технологиялық жаңалықтарды енгізуге ықпал етеді.

Өкінішке қарай шетелдік тікелей инвестициялардың таза әкелуі соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жетіп, 2024 жылдың 9 айында 73 млн долларға дейін азайды. Егер 2010-2023 жылдардағы үш тоқсан көрсеткіштерін салыстырсақ, орташа таза әкелу 5-6 млрд доллар аралығында болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш антирекордттық мәнді көрсетіп отыр.

Нидерланд көшбасшылықты сақтап келеді

2024 жылдың 9 айында Нидерланд елімізге 2,9 млрд доллар инвестиция салды. Екінші орында тұрған Ресейден 2,8 млрд доллар капиталы келсе, үштікке енген Бельгия 1 млрд доллар инвестиция салған. Бестікті толықтырған азиялық елдер – Оңтүсті Корея мен Қытай 0,9 және 0,7 млрд доллардан инвестиция құйған.

АҚШ керісінше теріс сальдо нәтижесін көрсетті. Былтыр 9 айда құрама штаттар елімізден -531 млн доллар инвестицияны алып кеткені байқалса, Монако елі де теріс көрсеткішпен -808 млн долларды алып кетті.

Қазақстан шетелдік инвестицияны қай салаларға бағыттады?

Тау-кен өндірісі: Мұнай мен газ саласы шетелдік инвесторлар үшін ең тартымды нарық болып қала береді. ExxonMobil, Chevron, Total сияқты ірі халықаралық компаниялар Қазақстанда белсенді жұмыс істейді. 2024 жылдың 9 айында 4,9 млрд доллар инвестиция тартылған.

Көтерме және бөлшек сауда: Қазақстанда көтерме және бөлшек сауда саласы шетелдік инвестициялар үшін тартымды. Әсіресе, урбанизацияның өсуі және халықтың табыс деңгейінің артуы бұл саланы дамытудың негізгі факторлары болып табылады. Бұл салаға шетел компаниялары 2024 жылдың 9 айында 4,2 млрд доллар инвестициялаған.

Өңдеу өнеркәсібі: Соңғы жылдары бұл салаға инвестициялар өсіп келеді. Негізгі бағыттар – металлургия, химия өнеркәсібі және азық-түлік өндірісі. 2024 жылдың 9 айында 2,5 млрд доллар инвестиция тартылған.

Өңірлер арасында Атырауда инвестиция 4,3 есе азайған

2024 жылдың 9 айында былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер бар. Мәселен, мұнайлы өңір – Атырау облысында инвестиция жылдан-жылға азайып келеді. Облыста 2022 жылдың 9 айында 7,5 млрд доллар инвестиция тартылса, 2023 жылы 5,5 млрд долларға дейін, ал 2024 жылдың 9 айында салым көлемі 1,3 млрд долларға дейін азайған. Астана қаласында да былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда шетелдік инвестиция көлемі 5,3 есе азайып, 1,3 млрд доллардан 260 млн долларға дейін азайып кеткен. Елімізде жалпы тоғыз өңірде өсім жоқ.

Еліміз өңірде шетелдік инвестиция тартуда көшбасшылығын сақтағанымен, инвестиция азайып келеді. Тартылған инвестицияның басым бөлігі әлі де тау-кен, мұнай өндіру саласына бағытталуда.

Қазақстан үшін шетелдік инвестиция елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды қозғаушы күші болып табылады. Инвестициялар экономиканы әртараптандыруға, жаңа технологияларды енгізуге, жұмыс орындарын құруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану арқылы Қазақстан өзінің халықаралық аренадағы беделін арттырып, тұрақты және серпінді экономикалық өсуге қол жеткізе алады.

Осы мүмкіндікті толық пайдалану үшін Қазақстан инвестициялық климатты жақсартуды жалғастырып, шетелдік инвесторлармен ұзақ мерзімді әріптестікке негізделген тұрақты қарым-қатынас орнатуы қажет. Бұл елдің ұлттық мүдделерін қорғау және тұрақты даму мақсаттарына жету үшін стратегиялық қадамдар жасауды талап етеді.

Cурет: primeminister.kz

Автор

  • Нұрсұлтан Ерболатұлы

    2018 жылы Алматы қаласындағы Нархоз университетін "қаржы” мамандығы бойынша (бакалавр), 2020 жылы UIB университетінде "қаржы және банк ісі" мамандығы бойынша (магистратура) білім алды.

    2021 жылы “Forte bank” АҚ мененджер AWD қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары ECA 50 ұйымында дата-аналитик болды. 2024 жылдан бері kursiv.media, sarapshy.info порталында сарапшы ретінде мақалалар жариялайды.

    Барлығын қарау
Chevron Total Бельгия газ Екінші ақпарат Мұнай Нидерланд Оңтүстік Корея Таза инвестиция Шетелдік инвестициялар экономика
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

БҚО-ға тағы дрон құлады

26/03/2026
жаңалық

БҚО-да еріген қар суы жолды басты

20/03/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.