Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 15 қыркүйек
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақстанда самокат жүргізушілері кінәсінен 93 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Гүлмира Сарсенғали жаңалық 09/09/2025

Қазақстанда самокат жүргізушілері кінәсінен 93 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жыл басталғалы электросамокат жүргізушілерінің кінәсінен 93 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 101 адам жарақат алып, бір адам қаза тапты. Бұл жөнінде Data Hub аналитика арнасы жазды.

Жол апаттарының негізгі себебінің бірі самокат жүргізушілерінің маневр жасау ережелерін сақтамауы (оқиғалардың 28%-ы) болып отыр.

Сонымен қатар апатқа кінәлі самокат жүргізушілерінің үштен біріне жуығы жаяу жүргіншіге соқтығысқан. Ал төрттен бірінде бетпе-бет түйісу болған.

Велосипедшілердің кінәсінен болған ауыр апаттардың саны самокатпен жасалатын апаттардан асып түсетінін атап өткен жөн. Биыл қаңтар-тамыз айларында велосипедшілердің қатысуымен 198 оқиға тіркелді. Бірақ мұндай оқиғалардың салдарының ауыр жағдайға әкелуі сирек кездескен. Ал елде сегіз айда мопед жүргізушілерінің кінәсінен 689 оқиға тіркеліп отыр.

Қазақстанда мопед, электросамокат, скутер секілді көлік түрлерінің қатысуымен болатын апаттар жиіледі. Былтыр мопедтерді тіркеу мен көлік жылдамдығын бақылауға арналған жаңа заң қарастырылып, мақұлданды. Елде қазірге дейін тиісті заңға сәйкес тіркелген мопедтер саны 48 мыңнан асты.

Енді мемлекет қоғамда қызу талқынып жатқан электросамокат мәселесіне назар аударып отыр. Қазір бұл саланы реттейтін заңға түзетулер әзірленген.

2024 жылы Қазақстанда мопед жүргізушілерінің (оның ішінде велосипед, скутер бар) кесірінен – 1 260, самокат жүргізушілерінің кінәсінен 90 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұдан барлығы 1 748 адам зардап шекті. Оның ішінде 654-і – кәмелетке толмаған балалар. 1 636 адам жарақат алды, оның 631-і – бала. Аталған оқиғалар салдарынан 112 адам, оның ішінде 23 бала қаза тапты.

БҚО-да мопед және самокат иелерінің жол жүру ережесін бұзуы салдарынан бес жылда 84 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осы уақыт ішінде бес адам қаза тауып, 95 адам жарақат алған. Өңірде 929 мопед тіркелген. Биыл мопедтерді тіркеуден өтуге міндеттейтін заң қабылдағаннан кейін ереже бұзған 178 мопед жүргізушісі анықталып, 300 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар 168 мопед айып тұрағына қойылды.

Фото: Freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 Велосипедшілер Жол апаттары Қазақстан Мопед жүргізушілері халық Электрлі самокат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Жаңа мақалалар

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

жаңалық 12/09/2026

Украиналық әскери НАТО оқу-жаттығуында адамдарды өлтірген жоқ — Euronews фейкті әшкереледі

Фактчекинг 11/09/2026

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

Біздің сараптама 09/09/2026
Сайт мұрағаты
Қыркүйек 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

14/09/2026

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.