Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Біздің сараптама»Қазақстанда сақтандыру нарығына сұраныс не себептен артып отыр?
Дария Ғұмар Біздің сараптама 05/08/2025

Қазақстанда сақтандыру нарығына сұраныс не себептен артып отыр?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2024 жылы өндіріс кезінде жарақат алған жұмыскерлердің саны 2471 адамға жетті. Мемлекеттік еңбек инспекциясының мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері жұмыс орнында 40 адам мерт болды. Бұл статистика еңбек қауіпсіздігі мен қаржылық тәуекелдерге назар аударудың маңызын көрсетеді. Жазатайым оқиға салдарынан еңбекке жарамсыздық немесе адам өмірінің үзілуі отбасылар үшін материалдық қиындық тудырып жатады.  

Қазір Қазақстанда медициналық әлеуметтік сақтандыру (МӘМС) мен автокөлік құралын сақтандыру (МАҚЖ) міндетті болып саналады. Онымен қоса, әр азамат ерікті түрде жеке басы мен мүлкін сақтандыра алады.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 13 миллион сақтандыру шарты жасалған. Аталмыш көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 24,5%-ға артқан. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.

Кейінгі жылдары сақтандыру нарығының қызметтеріне қазақстандықтар кеңінен назар аудара бастады. Бұл үдерістің астарына үңілуге «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ-ның маркетинг және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Армана Бекбасова көмектесті.

Неліктен өмірді сақтандыру келісімшарттары ең көп өсім көрсетіп отыр? Бұл халықтың қаржылық сауатының артуымен байланысты ма?

— Бұл ретте өмірді ерікті сақтандыру (+39,1%), зейнетақы аннуитеттері (+27,3%), оның ішінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру (+14,6 %) және мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) шеңберіндегі өнім сияқты сақтандыру өнімдері бойынша динамика байқалады.

Халықтың қаржылық сауаты әзірше сақтандыру нарығының дамуында қосымша фактор қызметін атқарады.

Өсімнің басты себебі – сақтандыру компаниялары мен банктер арасындағы тығыз серіктестік. Қаржылық ұйымдар сақтандыру өнімдерін өздерінің экожүйесіне кіріктіріп, несие беру, авиабилеттер сату секілді қызметтермен бірге ұсынып отыр. Сәйкесінше, банк клиенттері сақтандыру полистерін бірден рәсімдей алады.

«Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясының сарапшыларының айтуынша, соңғы жылдары халық арасында ұзақ мерзімге арналған, кепілдендірілген табыс әкелетін қаржы құралдарына сұраныс артып келеді. Соның ішінде доллармен рәсімделетін жинақтаушы — өмірді сақтандыру түріне қызығушылық жоғары. Мұндай өнімдер бойынша табыс жылына 6,5%-ға дейін жетеді.

Swiss Re ұйымының деректеріне сәйкес, өмірді сақтандыру сегментіндегі өсім Қазақстанды жаһандық орташа көрсеткіштен 5%-ға алға шығарып отыр.

Алайда өмірді сақтандырудың ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі (0,7%) экономикалық ынтымақтастық және даму елдерімен салыстырғанда әлі де төмен, бұл нарықтың болашақта кеңеюі мүмкін екенін білдіреді.

 Сақтандыру нарығының өсуі қаржы жүйесінің тұрақтылығына қалай әсер етеді? Бұл — банктер үшін бәсеке ме?

— Өмірді сақтандыру нарығының кеңеюі Қазақстанның қаржы жүйесіне пайдасын тигізіп отыр. Ең алдымен, сақтандыру компаниялары жинаған ұзақ мерзімді қаржы ресурстарынмемлекеттік және жоғары рейтингті корпоративтік облигацияларға салады. Қазіргі таңда олардың активтерінің 70%-дан астамы дәл осы нарықтарда жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде қарыз нарығын тұрақтандырып, құбылмалы жағдайларды теңестіруге көмектеседі.

Сақтандырушылар сонымен қатар банкаралық депозиттер мен облигацияларға сұраныс тудыра отырып, банк жүйесінің өтімділігін де қолдайды. Бүгінде сақтандыру секторындағы активтердің жалпы көлемі банк жүйесінің активтерінің шамамен 9%-ын құрайды. Бұл қаржы жүйесіндегі қаржыландыру көздерінің әртараптануына әсер етеді.

Тағы бір маңызды аспект – өмірді сақтандыру мемлекетке түсетін әлеуметтік жүктемені азайтады. Азаматтар сақтандыру арқылы өз қаржылық қауіпсіздігін алдын ала қамтамасыз етіп, әлеуметтік қорғау мен зейнетақы жүйесіне түсетін қысымды төмендетеді.

Банктермен бәсекелестік тек ұзақ мерзімді жинақтау нарығында байқалуы мүмкін. Бұл ретте сақтандыру өнімдері депозиттер мен инвестициялық шоттарға балама бола алады. Алайда бұл – салауатты бәсекелестік, өйткені ол жаңа қаржы құралдарының дамуына, қызмет сапасының артуына және тұтынушыларға таңдау мүмкіндігінің кеңеюіне жол ашады.

Сақтандыру және банк секторлары бірін-бірі толықтыратын серіктестерге айналып отыр. Көптеген банктер өз клиенттеріне сақтандыру өнімдерін ұсына отырып, сақтандыру компанияларымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Мұндай синергия қаржы нарығының тұрақтылығын арттырып, оны түрлі экономикалық күйзелістерге төзімді етеді.

 Сақтандыру компанияларының жұмысында қандай тәуекелдер бар және олар қандай жағдайда шығынға ұшырауы мүмкін?

 — Тәуекелдер бірқатар сыртқы және ішкі факторларға байланысты туындауы мүмкін. Сақтандыру компаниясы қаржы-өнеркәсіптік топпен үлестес болған жағдайда, акционердің белгілі бір қаржылық тәуекелдерін өз мойнына алуға мәжбүр болады.

Қазақстандағы сақтандыру компаниялары көбінесе тұрақты әрі консервативті инвестициялық стратегияны ұстанады. Яғни:

  • инвестициялық портфельдің 60–70%-ы мемлекеттік немесе квазимемлекеттік облигацияларға;
  • 20-25%-ы жоғары рейтингті банктердегі депозиттерге;
  • қалған бөлігі ғана акцияларға, жылжымайтын мүлікке немесе корпоративтік облигацияларға бағытталады.

Мұндай тәсіл тәуекел деңгейін төмендетіп, қаржы нарығындағы тұрақсыздық жағдайында компаниялардың сенімділігін сақтап тұруға көмектеседі.

Сонымен қатар, 2025 жылы қабылданған заңға сәйкес жинақтаушы сақтандыру өнімдерінің барлығы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры арқылы қорғалады. Бұл жүйе тұтынушы үшін шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді және сақтандыру компаниясына деген сенімді күшейтеді, — деді А. Бекбасова.

Ал Halyk-Life өмірді сақтандыру компаниясының Атырау филиалының директоры Гүлнар Жұматованың айтуынша, халықтың өмірді сақтандыруға деген қызығушылығын арттыру үшін бірнеше бағытқа ерекше көңіл бөлу қажет.

«Адамдар сақтандырудың мәнін, маңызын және ұзақмерзімді пайдасын жете түсінуі тиіс. Бұл бағытта мектептерде, жоғары оқу орындарында және жұмыс орындарында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет.

Цифрлық қолжетімділік мәселесі де өзекті. Қазіргі заманда сақтандыру полисін алу мобильді қосымша немесе онлайн платформа арқылы барынша оңай әрі ыңғайлы болуы тиіс. Бұл тұтынушының уақыты мен күшін үнемдейді.

Өмірді сақтандыру отбасылық жоспарлаудың бір бөлігіне айналуы керек. Себебі бұл тек жеке адамның емес, бүкіл отбасының қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешім.

Сақтандыру өнімдерінің икемділігі аса маңызға ие. Әр адамның өмірлік жағдайы әртүрлі болғандықтан, төлем кестелері мен шарттар да соған бейімделуі қажет. Төлемді ай сайын емес, тоқсан сайын немесе жарты жылда бір рет жасау мүмкіндігі қарастырылуы керек», – дейді маман.

Өмірді сақтандыру – тек төтенше жағдайға арналған қаржы салымы емес, болашаққа арналған инвестиция. Қазақстанда бұл мәдениет енді қалыптасып келеді. Ыңғайлы бағдарламалар, цифрлық қолжетімділік, икемді шарттар мен мемлекеттік ынталандыру өмірді сақтандыруды қоғам санасында үйреншікті қаржылық құралға айналдыра алады.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
HalykLife Еңбек шарты ерікті сақтандыру Мiндеттi автосақтандыру медициналық сақтандыру Мемлекеттік ануитеттік компания өмірді сақтандыру Сақтандыру нарығы Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

«Қоғамдық кеңестердің қолында ешқандай тетік жоқ»

26/11/2025
жаңалық

Оралда колледж директоры қыруар шәкіртақыны қалтаға басқан

19/11/2025
жаңалық

БҚО-дағы жол апатына қатысты арнайы комиссия құрылды

18/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.