Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақстанда сәби саудасына қатысты 19 іс тіркелді
Гүлмира Сарсенғали жаңалық 19/09/2025

Қазақстанда сәби саудасына қатысты 19 іс тіркелді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда жыл басынан бері кәмелетке толмаған балаларды сату бойынша 19 іс тіркелген. Адам саудасына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева жаңа туған сәбилердің саудасы туралы мәлімдеді.

Белгілі болғаны, жаңа туған сәбилерді сату деректері елдің барлық өңірінде анықталып отыр. Аталған қылмыстарға делдалдар да қатысады.

Оның айтуынша, бір жағынан бала асырап ала алмайтын ата-аналар болса, екінші жағынан өз баласынан бас тартқысы келетіндер бар. Біреудің бала асырауға мүмкіндігі жоқ, ал біреу баласынан бас тартқысы келеді. Кейде жас қыздар жүкті болуды жоспарламағандықтан, материалдық жағдайына байланысты дәл осындай қылмыстарға барады.

Шынар Көшербаева бір баланың орташа бағасы 500 мың теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін екенін айтты. Балаларды сатып алушы да, сатушы да жауапқа тартылады.

Қазақстанда жылына адам саудасына қатысты жүздеген қылмыс жасалады. 2024 жылы «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заңға қол қойылып, күздің басында күшіне енді. Бүгінде Қазақстан – адам құқығы бойынша 60-қа жуық көптарапты келісімнің қатысушысы. Оның 13-і адам саудасына тікелей қатысты.

Үкіметтік емес ұйымдар жа­риялаған статистикалық деректе­рге қарасақ, өңірлер бойынша адам саудасына қатысты 2019 жылы – 120, 2020 жылы – 141, 2021 жылы – 200, 2022 жылы – 193, 2023 жылы – 120-дан астам қылмыс тіркелген. Соның ішінде Астана, Ал­ма­ты, Шымкент, Теміртау, Ақтө­бе қа­лалары көш бастап тұр. БҰҰ мәліметіне сәйкес, дүниежүзінде жыл сайын 25 млн тұрғын адам саудасының құрбаны болады.

Еске салайық, сондай-ақ Қазақстанда адам саудасына қарсы күресте ведомстволар әлі қауқарсыз екенін жазған едік. Әлемдік заманауи құлдық индексінде Қазақстан 2018 жылы 189 елдің ішінен 86-орынға тұрақтаған. Сол жылы елімізде заманауи құлдықта жүрген 75 адам туралы мәлімет белгілі болыпты.

Жақында Оралдағы перзентханада ұрланған қыз 25 жылдан кейін әке-шешесімен қауышты. Осы іс бойынша тергеу басталғанын БҚО полиция департаменті растады. Үш күдіктіге қатысты іс қозғалды.

Фото: Freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 адам саудасы бала саудасы Дүниежүзі Жаңа туған сәбилер Кәмелетке толмаған балалар Қазақстан Құлдық индексі Шынар Көшербаева
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.