Қазақстан Президенті Снежанна Имашеваны отбасы істері жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындады.
Снежанна Имашева 44 жаста. Ол М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. Сондай-ақ Имашева Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
Снежанна Имашева 2016 жылы «Нұр Отан» партиясының (қазіргі «Аманат») атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды. Қазір Мәжілісте Снежанна Имашева заңнама және сот-құқықтық реформа комитетін басқарады.
фото: paodkb.org
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

