Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Қазақстанда менталдық ауруға шалдыққандар саны әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары
Дария Ғұмар Шолу 06/11/2025

Қазақстанда менталдық ауруға шалдыққандар саны әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Әлем бойынша 1 млрд-тан астам адам жан ауруына шалдыққан. Қазақстанда да жағдай күрделі: елде күйзеліске түскендердің үлесі 4,4%-ды құрайды. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен (3,9%) жоғары, деп хабарлады Ranking.kz.

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының дерегінше, қазір 315 мыңнан астам қазақстандық динамикалық бақылаудан өтіп жүр. Олардың 205 мыңнан астамы – түрлі психикалық аурулары бар азаматтар.

Денсаулық сақтау министрлігінің 2021-2024 жылдарға арналған есептері бойынша, 2024 жылы психикалық немесе мінез-құлық проблемалары бар адамдардың саны 244 мыңға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға артқан.

Депрессия кезінде еңбек демалысын алуға рұқсат берілді

Депрессия диагнозы анықталған қазақстандықтар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдей алады. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz сайтына берген түсініктемесінде растады.

Министрліктің мәліметінше, «депрессия» диагнозын тек психиатр дәрігер қоя алады. Егер дәрігер науқастың жағдайы оның еңбекке қабілеттілігін уақытша шектейді деп тапса, жеңіл дәрежелі депрессия кезінде де демалысын алуға болады.

Депрессияның орта және ауыр сатысында пациентке стационарлық ем ұсынылады. Денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес, емдеу кезінде демалыс мерзімі ұзартылуы мүмкін.

«Психикалық ауруға шалдыққанын білмейтін адамдар арамызда жүр» – психиатр

Психиатр Әйгерім Қыныртаеваның айтуынша, қазір қоғамда психикалық ауытқуға шалдықса да, тиісті диагнозы қойылмаған адамдар көп. Бұл түйткілді шешу үшін ауытқу белгілері байқалған адамдарды дәрігерлер дер кезінде ем алуға шақыруға тиіс. Елде аутизм мәселесіне де жеткілікті назар аударылмайды. Аутизм – Қазақстанда балалар арасында ең көп кездесетін диагноз.

БҚО бойынша балалардың штаттан тыс бас психиатры, облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатры Әйгерім Қыныртаева Sarapshy Podcast-та жан ауруына шалдыққан қазақстандықтарды емдеу туралы кәсіби пікірін білдірді.

Қараңыз: Аутизм — ауру емес. Енді не? 

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
#аутизм #зпр #рас #сдвг #вакцина #екпе #депрессия #психиатрия #гипоксия #анемия #сарапшыинфо #психиатр #қазақстан #психика #ауытқу #autism Жан ауруы Психикалық көмек
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелердің қозғалысын толық шектеді

04/03/2026
Шолу

Ирикла су қоймасынан Жайыққа жіберілетін су көлемі артып келеді

17/02/2026
Шолу

Психолог, коучтарға бірыңғай стандарт бекітіледі. 14 ақпаннан бастап жаңа заң күшіне енді

14/02/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.