Алматы қаласында заң бұзғаны үшін 132 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Тексеріс нәтижесінде 1040 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 811 шетелдік елде бекітілген уақыттан ұзақ болған.
Сондай-ақ шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алған 31 жұмыс беруші жауапқа тартылды.
Айта кетейік, таяуда Астанада қоғамдық орында дәрет сындырған екі шетелдік азаматқа Қазақстанға кіруге бес жылға тыйым салынды.
фото: freepik.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

