4 ақпанда Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай және Жетісу облыстарында 20 қылмыстық топ мүшесі ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметі хабарлады.
Күдіктілер қару-жарақты заңсыз өткізу және сақтау, қорқыту, ұрланған автокөлікті заңдастыру секілді құқық бұзушылық жасаған.
10 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту кезінде олардан қару, оқ-дәрі, есірткі және ірі көлемде ақша тәркіленген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
фото: istockphoto.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

