Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Дүйсенбі, 2 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Өте өзекті»Қазақстанда ерте жүктілік дерегі азаймай тұр
Әсел Мәлік Өте өзекті 12/02/2025

Қазақстанда ерте жүктілік дерегі азаймай тұр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Былтыр Жамбыл мен Павлодар облыстарында 12 жастағы екі қыз ерте жаста жүкті болып, ана атанған. Ашық ақпарат көзіне сүйенсек, олар туысы мен жергілікті тұрғыннан зорлық-зомбылық көрген. Бұл оқиға қоғамға жария болғаннан кейін Денсаулық сақтау министрлігі бұдан өзге ақпаратты таратуға құқымыз жоқ деп мәлімдеді.

Жақында ғана сенатор Нұртөре Жүсіп кейінгі бес жылда кәмелетке толмаған қыздар арасында жүктілік көрсеткіші 1,5 есе артқанын айтады. Оның дерегінше, 2023 жылы 5 000-нан аса жасөспірім қыз «тар құрсағын кеңейткен».

«Бұл енді пандемия кезінде басталған екен. Соңғы төрт жылда бұл үрдіс бір деңгейде сақталып келе жатыр. 2023 жылы қаршадай қыздар арасында 5 094 босану фактісі тіркеліп отыр. Бұл сол кезеңдегі жалпы туу көрсеткішінің 1,3 пайызын құрайды. Ауылдық жер имандылықтың ұясы дейтін. Сол ауылдық жерде екі есе артып отыр. Қайда барамыз? Бір-екі жағдай болса, мақұл. Жеті бірдей өңірде, әсіресе Оңтүстік, Батыс аймақтарда жасөспірімдер арасында туу көрсеткіші жиіледі», — дейді сенатор.

Статистика басқаша сөйлейді

Ал Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық ақпараты бойынша бәрі керісінше. Олар жыл сайын жасөспірімдер арасында жүктілік бәсеңдегенін алға тартады.

«Соңғы 5 жылда елімізде 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында жүктілік дерегі азайды. 2023 жылмен салыстырғанда аталған жас аралығында жасөспірімдер арасындағы босану көрсеткішінің 8,2%-ға, аборт көрсеткішінің13,4%-ға төмендегені байқалады», — дейді Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.

Жасөспірім ағзасы жетіліп үлгермейді

Құзырлы мекеме мәліметінше, ерте жаста жүкті болғандар арасында ешкім көз жұмған жоқ. Дегенмен ағзасы толық жетілмеген қаршадай қыздың ана атануы денсаулығына едәуір нұқсан келтіруі мүмкін. Білікті гинеколог Феруза Тазабекқызы ерте жүктілік жақсылыққа алып келмейтінін айтады. Енді жетіліп келе жатқан қыздың организмі екінші бір жанды қоректендіруге шамасы жетпей жатады. Денеге екі есе күш түсуі салдарынан түрлі оқыс жайттар болады.

«Жатырдың толық жетілмеуі салдарынан жүктілік мерзімі аяқталмай жатып қан кету, жатырдың жыртылуы, толғақ кезінде жатыр мойнының ашылмауы сияқты күтпеген жайттар болуы мүмкін. Соның салдарынан ота арқылы босандырып жатады. Ота әр кез сәтті бола бермейді, жас ананың өмірін сақтап қалу үшін жатырды алып тастауға тура келеді.

Ерте жүктіліктен жүрекке күш түсетіндіктен, кейде жүрек, бүйрек аурулары асқынады. Тіпті соңы бедеулікке соқтыруы мүмкін. Сондықтан ерте жаста жыныстық қатынасқа түсуден, жүкті болудан аулақ болған дұрыс», — дейді гинеколог.

Ел арасында ерте жүктілікті тоқтатуға тырысатындар кездеседі. Мәселен, Жамбыл облысында 55 жастағы еркек зорлады деп танылған 12 жастағы жеткіншекті мұғалімдері жеке емханаға жіберген. Онда қызға ата-анасының рұқсатынсыз жасанды түсік жасатпақ болған көрінеді. Ал ақ халаттылар шарана дамымай, ананың денсаулығына кері әсерін тигізетін жағдайда ғана мұндай қадамға баруға рұқсат екенін айтады. Себебі оның да өз салдары бар.

«Жасы әлі жетпегендіктен, медициналық көрсеткіш бойынша жасанды жолмен жүктілікті тоқтатуға болады. Бірақ оның зияны көп. Мысалы, жас жатырға түсік жасады делік. Біріншіден, ол артық жасалған манипуляция, екіншіден, гормональдық жүйеге кері әсері болады. Үшіншіден, психикалық тұрғыда соққы алады», — дейді гинеколог Феруза Тазабекқызы.

Иә, оны психологтар да жоққа шығармайды.

«Ерте жүктілік қыздардың психологиясына кері әсер етеді. Түсік жасату ерте есейтіп жібереді. Кейде ауырсынудан кейін жәбірленуші қорқыныш әсерінен айыға алмауы мүмкін. Өздерінің балалығымен қоштаса алмай, мең-зең күйде жүреді. Депрессия, созылмалы шизофренияға да шалдығып жатады», — дейді психолог Гүлнаурыз Исламқұлова.

Жабулы қазан жабулы күйінде қалып жатыр

Зорлық-зомбылық көрген қыздарға қолұшын созып жүрген қоғам белсендісі Баян Жолдасованың сөзінше, Шымкент қаласы мен Түркістан облысында ерте жаста жүкті болған жасөспірімдердің басым бөлігі өз туыстарымен жыныстық қатынасқа түскен.

Нақтырақ айтқанда, ағасымен «үйшік-үйшік ойнаймыз» деп үйлі-баранды рөлінде жүріп, аяғы ауырлап қалған оқиғалар да болған. Сондықтан Баян Жолдасова отбасындағы тәрбиені нығайту керек деген пікірде.

«Негізі репродуктивті денсаулық мәселесі маңызды. Өкінішке қарай, 14-15 жастағы қыздар босанып жатыр. Кейінгі кезде тіркелген бес дерек бойынша кішкентай қыздарды ағалары зорлаған. Бұл – үлкен мәселе. Өзіміздің ұлттық намысымызды, отбасылық құндылығымызды жоғалтып бара жатқандаймыз. Пандемия кезінде балаларымыз үйде отырып, не істерін білмей қалды ма, ата-аналар жұмыстан қол үзе алмай, балаларын қараусыз қалдырды ма? Білмеймін. Бірақ отбасы құндылығын сақтауға алдымен әкесі мен анасы жауапты деп ойлаймын», — дейді Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жолдасова.

Айта кетейік, 2024 жылы елде 1 800 жасөспірім жүкті болған. Оның ішінде 200-ге жуығы түсік тастаған. Бұл бойынша «16 жасқа толмағандармен жыныстық қатынасқа немесе басқа да сипаттағы әрекеттері» бойынша 218 қылмыстық іс қозғалған.

Баланы бірден қолдау маңызды

Психологтар балалардың әке-шешесіне мәселені әу бастан ашық айта білуге үйренуі маңызды деп санайды.

«Ата-ана балаға әрқашан «Мен сені қандай жағдай болмасын жақсы көрем, сен жаман бол, жақсы бол, сол қалпыңда қабылдаймын» деп жиі айтқаны жөн. Балалармен қатал, агрессивті түрде сөйлеспеген абзал, керісінше, сенімді қарым-қатынас орнату керек. Одан кейін ерте жүктіліктің неге алып келетінін ашық айту қажет.

Ананың қызбен, ұлдың әкемен жақын болғаны, тіл табысқаны маңызды. Өзара жиі ашық сөйлесу керек. Баланың ата-анаға деген сенімін нығайту қажет», — дейді психолог Гүлнаурыз Исламқұлова.

Ерте жүктілік – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Келеңсіз жайттар жасөспірім қыздардың денсаулығына, психологиясына және болашағына теріс әсер етеді.

Отбасы – жасөспірімнің мінез-құлқы мен көзқарасын қалыптастыратын басты орта. Ата-аналар балаларына мейірімділік пен сенімді қарым-қатынас орнатып, олардың ішкі сезімдері мен сұрақтарын бөлісуіне мүмкіндік жасауы керек.

Әсіресе, қазіргі «виртуальды өмір» сүріп жатқан балалардың қандай ақпаратқа қол жеткізіп отырғанын бақылау маңызды. Әлеуметтік желілер мен интернеттегі ақпарат әсерін ескере отырып, ата-аналар қадағалауды күшейтуі қажет.

Дер кезінде психологиялық қолдау мен медициналық көмек көрсету тиімді болады. Жасөспірімдерге арналған сенім телефондары, психологтар тегін кеңес беретін және арнайы қолдау орталықтары үйлесімді жұмыс істеуі тиіс.

Көптеген қыздар жүктіліктің салдарын толық түсінбей, дұрыс шешім қабылдай алмайды. Сондықтан медициналық мекемелерде құпия кеңес беру қызметтері ұйымдастырылса, бұл жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына көмектеседі.

Зорлық-зомбылық дерегі анықталса, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелер бұл мәселеге ерекше назар аударуы керек. Жәбірленушінің құқығын қорғау мақсатында жедел шараларды жүзеге асырған абзал.

Қоғамдық ұйымдар мен мектептер жастар арасында ақпарат таратып, отбасы құндылықтарын насихаттау арқылы ерте жүктілік мәселесінің алдын алуға ықпал ете алады.

Қазіргі уақытта кейбір зерттеушілер мектептерде және басқа да оқу орындарында жыныстық тәрбие және репродуктивті денсаулық бойынша білім беру бағдарламаларын енгізуді ұсынып жүр. Олар жасөспірімдерге жыныстық қатынастың салдары, контрацепция құралдары туралы толық әрі дұрыс ақпарат беру керек деп санайды.

Сурет: dzen.ru сайтынан алынды

Автор

  • Әсел Мәлік

    2022-2024 жылдар аралығында “Отырар TV” телеарнасының, “Otyrar.Kz” сайтының тілшісі болды. 2025 жылдан бастап “Sarapshy.info” сараптамалық ақпараттық агентігінің тілшісі.

    Барлығын қарау
2025 Басты ақпарат денсаулық сақтау министрлігі Ерте жүктілік Жасөспірім ағзасы Қазақ елі Сенатор Нұртөре Жүсіп Туу көрсеткіші
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025
жаңалық

БҚО-ға құлаған дрондар бойынша әлі тексеру жүріп жатыр

17/04/2025
Біздің сараптама

Орал тұрғындары көлікті әлі де ауыз сумен жуады: қала техникалық су мәселесін қалай шеше алады?

13/04/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.