Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 14 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда белсенді қылмыстық топтардың 50 мүшесі қолға түсті
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 23/09/2024

Қазақстанда белсенді қылмыстық топтардың 50 мүшесі қолға түсті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

ҰҚК, ІІМ және БП ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстауға арналған операция жүргізді. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Барлығы 50 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оларға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Топ мүшелері тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деген күдікке ілініп отыр», — делінген хабарламада.

Күдіктілер 20-дан астам адамның сеніміне кіріп, екі млрд теңгеден аса мүлікті тонаған. Топтың нақты иерархиясы мен қатысушыларының рөлдерінің бөлінуі болған. Аталған топ қылмыс пен деструктивті діни ортаның өкілдерінен, соның ішінде түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерден құралған.

«Тінту барысында банк карталары, ірі ақша қаражаты, экстремистік әдебиеттер, ақша аударымдары жазылған жазбалар және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар табылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деп хабарлады министрліктен.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, биыл 36 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылған. Оның үшеуі – трансұлттық топтар. Сондай-ақ қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 150-ден астам криминалитет өкілдері жауапқа тартылды.

ІІМ мен Қаржы мониторингі агенттігі ұйымдасқан қылмыстық топтарды қаржыландыруға және көлеңкелі экономикаға қарсы шаралар қабылдайды. Нәтижесінде мемлекетке 11 млрд теңгеден астам залал келтірген құқық бұзушылықтар анықталған.

Жыл ішінде 12,5 мың литр және шамамен екі млн бума акцизсіз өнімдер, бес тоннадан астам балық және бес мыңнан астам ақбөкен дериваттары тәркіленді. Құрамында алтыны бар материалдарды қайта өңдеу бойынша 19 заңсыз цех жойылып, ондаған тоннадан астам кен табылды.

Сонымен қатар мектеп, колледж және жоғары оқу орындары жастарынан ақша бопсалап, бұзақылық жасаған және қару сақтаумен айналысқан 19 топтың жолы кесілген.

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 ІІМ ҚР Ұйымдасқан қылмыстық топ Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Атырау аквапаркінде 14 бала хлордан уланды

14/07/2025
жаңалық

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

14/07/2025
жаңалық

Перизат ісі: сот бейнетүсірілімге тыйым салды (ВИДЕО)

14/07/2025

Жаңа мақалалар

Атырау аквапаркінде 14 бала хлордан уланды

жаңалық 14/07/2025

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

жаңалық 14/07/2025

Перизат ісі: сот бейнетүсірілімге тыйым салды (ВИДЕО)

жаңалық 14/07/2025

Негізгі ҰБТ-ның қорытындысы жарияланды

жаңалық 14/07/2025

Қызылордада ағаш өңдеу зауыты өртенді

Оқиға 12/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атырау аквапаркінде 14 бала хлордан уланды

14/07/2025

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

14/07/2025

Перизат ісі: сот бейнетүсірілімге тыйым салды (ВИДЕО)

14/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.