Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 1 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда бала асырап алуға қатысты заң талаптары күшейді
Наргиза Ерес sarapshy.info 30/12/2024

Қазақстанда бала асырап алуға қатысты заң талаптары күшейді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңға қол қойды.

Заң шеңберінде ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне, сондай-ақ Қазақстанның жеті заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заң жобасы жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау механизмдерін жетілдіруге бағытталған.

Заңда бала асырап алушыларға бірқатар жаңа талаптар енгізілген.

Атап айтқанда, жас айырмашылығын анықтау. Асырап алушы мен баланың жас айырмашылығы белгілі бір шекте болуы керек.

Соттылығы туралы ақпаратты жаңарту. Асырап алушының соттылығы туралы деректер жыл сайын жаңартылып тұруы тиіс.

Психологиялық диагностика және оқыту. Асырап алушы арнайы аккредиттелген ұйымдарда диагностикадан өтіп, оқыту курстарын аяқтауы керек.

Бұл талаптар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және асырап алушылардың дайындық деңгейін жақсартуға арналған.

Заң аясындағы келесі өзгерістер мемлекеттік марапаттар, білім беру, әлеуметтік көмек және лицензиялау бойынша енгізілді.

  • Экономикадағы түрлі сала мамандарына, ғалымдарға және өнертапқыштарға құрметті атақтар, мемлекеттік марапаттар беріледі.
  • Білім беру ұйымдары
  • ның қызметін бастау немесе тоқтату тәртібі енгізілді.
  • Мектептерде әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларына көмек көрсету механизмдері енгізіледі.
  • 2027 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдары лицензиялау арқылы реттеледі.

Bes media ұсынған мәліметке сәйкес Қазақстанда балаларға қатысты, соның ішінде сексуалдық зорлық-зомбылыққа байланысты құқық бұзушылықтар саны жыл сайын артып келеді. 2024 жылдың 11 айында кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қатысты 890 құқық бұзушылық фактісі тіркелді, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8%-ға жоғары.

Сурет: Pexels.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Бала асырап алу Білім беру ұйымдары диагностика ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі лицензиялау сексуалдық зорлық-зомбылық
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.