Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда адам папилломасы вирусына қарсы вакциналау басталды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 18/09/2024

Қазақстанда адам папилломасы вирусына қарсы вакциналау басталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда қыз балаларды жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау басталды. Бас мемлекеттік санитардың қаулысына сәйкес, 11 жастағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға жатады. Сондай-ақ 12 жастан бастап 13 жасты қоса алғандағы жастағы қыздарға толықтыра иммундау жүргізіледі.

Екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің хабардар етілген келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинация тіркелген жердегі емханаларда да жүргізілуі мүмкін.

Мамандар жатыр мойны обырының дамуын тежейтін жалғыз әдіс вакцина екенін айтады.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, елімізде індетті жыл сайын екі мыңға жуық адам жұқтырады. Яғни күн сайын бес адамнан анықталады. Өкініштісі сол, жылына 600-ден астам әйел осы дерттен қайтыс болады.

Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының негізгі себебі АПВ инфекциясын жұқтыру екенін дәлелдеді.

Бүгінде АПВ-ға қарсы вакцина әлемнің 135 елінде, соның ішінде Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанда қолданылады. Осыған дейінгі зерттеулер бұл екпенің қауіпсіз әрі тиімді екенін көрсетіп отыр.

Еске салсақ, жыл басында вирусқа қарсы 350 000 екпе дозасы 9 млрд теңгеге сатылып алынатыны айтылды. Екпе елдегі 11 жастағы 175 мыңға жуық қыз балаға салынады. Вакцинация бағдарламасы жыл сайын тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Сурет: pixabay.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Адам папилломасы вирусы Бас мемлекеттік санитар Жатыр мойны обыры Қазақстан
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.