Қазақстанда есірткіге тәуелді 17 573 адам бар. Олардың ішінде 40 жасөспірім бар. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Сонымен қатар министрлік есірткі саудасы әлі де толық жойылмағанын атап өтті.
Жыл басынан бері құқық қорғау органдары 104,3 келі синтетикалық есірткі тәркілеген. Тәркіленген есірткінің жалпы көлемі 881,6 келіні құрады.
Айта кетейік, 2025 жылдың соңында Қазақстанда 20 тонна есірткі тәркіленді. Қазір елде есірткі трафигін анықтайтын «ProkAi» және «CryptoTrace» желілері жұмыс істейді.
фото: freepik.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

