Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 11 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстан ЕАЭО аумағынан тыс жерге бензин мен дизель отынын тасымалдауды шектеуді жалғастырады
Наргиза Ерес sarapshy.info 27/11/2024

Қазақстан ЕАЭО аумағынан тыс жерге бензин мен дизель отынын тасымалдауды шектеуді жалғастырады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан ЕАЭО аумағынан тыс жерге 2025 жылдың алғашқы алты айында мұнай өнімдерін тасымалдауға тыйым салды. Соған сәйкес бірнеше министрліктің бұйрығына өзгеріс енгізілетіні туралы «Ашық НҚА» порталында бұйрық жобасы жарияланды.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетілетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуді қоспағанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге жеңіл дистилляттарды (2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары), авиакеросиндер және дизель отыны (2710 19 110 0 – 2710 19 460 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары), газойль (2710 20 110 0 – 2710 20 190 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары), толуола, ксилола (2902 30 000 0, 2902 41 000 0, 2902 42 000 0, 2902 44 000 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары), мұнай битумын (2713 20 000 0 ЕАЭО СЭҚ ТН коды) әкетуге тыйым салу енгізілсін», – делінген  құжатта.

Қазақстандағы жанар-жағармайды контрабандалық жолмен көрші елдерге тасымалдау тыйылмай тұр. Оған осы мемлекеттерде бензин мен дизель отынының әлдеқайда қымбат екені себеп болып отыр. «Сұр эксперт» көлемі айына 45 мың тоннаға дейін жетеді.

«2024 жылдың 10 айында елдегі автобензиндер қоры 453-тен 295 мың тоннаға дейін және дизель отыны қоры 554-тен 279 мың тоннаға дейін төмендеген. Жалпы төмендеу – 433 мың тоннаны немесе айына 43 мың тоннаны құрады», – деп хабарлады бұйрық жобасын әзірлеушілер.

Заңсыз экспорт арқылы мұнай өнімдерін сататындар жанар-жағармайды жүк көліктерінің бактарына құйып алып шекарадан алып шығатыны туралы деректер ақпарат құралдарында жарияланды.

«ҚР Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-1-тармағында көрсетілген тауарларды автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген стандарттарға сәйкес келмейтін бензин бактарында әкету жағдайларына жол бермеу бойынша көмек көрсетсін», – делінген құжатта.

Айта кетейік, биыл мұнай өнімдерін одақ аумағынан тысқары жерге  тасымалдау шектелген еді. Бұйрықтың жобасы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға тыйымды ұзартуды көздейді.

Бірлескен бұйрық мынадай нәтижелерге жетуге себеп болады:

  • Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарындағы (МӨЗ) тоқтап тұрған қуаттарды жартылай фабрикаттарды қайта өңдеу есебінен іске қосы
  • Елдегі жанар-жағармай материалдарының тапшылығын азайту;
  • Бажсыз жеткізілім шарттарын орындау және импортталған мұнай өнімдерінің қайта экспортталуын болдырмау.

Сурет: Pixabay

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
бензин дизель ЕАЭО жанар-жағармай Заңсыз экспорт контрабанда
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.