Лудомания — жай әуестік емес, ауытқу, психиатриялық диагноз. Бірақ бізде олай мойындалмайды. Қоғам оны ермек, ойын деп қабылдайды. Ал шын мәнінде бұл — ми мен ағза арасындағы тайталас. Мида болып жатқан көрінбейтін құбылыс болғасын онымен күрес, алдын алу қиын.
Лудоманның миы адреналин, дофамин, серотонин, эндорфин сияқты «қуаныш гормондарының» синтезін қажет етеді. Ондай ми «ләззат коктейлі» үшін екі есе қатты жұмыс жасап, алдау мен арбаудың, қылмыстың неше түрлісіне барады. Ар-ұят пен барлық шекарадан аттайды. Себебі ол үшін ең маңыздысы — сол гормондарды қайта-қайта сезіну.
Психиатрия еліміздегі әбден шөгіп қалған сала болғасын мұны емдейтін маман түгіл, түсіндіретін психиатр жоқ.
Ең қауіптісі – мына көз ашқанынан смартфоннан ойын ойнап, виртуал ақшаның дәмін татып, онлайн бәс тігіп өсіп жатқан сәби буын өзі ақша табатын кезеңге жеткенде нағыз кеселді көреміз-ау. Құмарлыққа бала кезден үйреніп жатқан олардың өз қолы өз аузына жеткенде, шынайы проблема басталады. Сол кезде бәріміз кеш қалуымыз мүмкін.
Қазірден бастап кесапатты заңдастыруға қарсы тұру, жолын жабу – бүкіл елдің мойнындағы парыз. Казиносыз-ақ дамитын қазақ туризмі бар: табиғат, тарих, рухани бағыттар, игерілмеген қаншама сала тұр.
Бұл — бір ғана отбасының, бір ғана адам тағдырының мәселесі емес. Бұл — ұлтты іштен кеміретін індет. Лудомания – күллі қазақ алаңдауы керек дерт.
Бөлісіңіз. Мүмкін біреудің тағдырын сақтап қаласыз.
суретті ЖИ жасап берді