Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 13 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Австралия 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салуды заңдастырады
Наргиза Ерес sarapshy.info 07/11/2024

Австралия 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салуды заңдастырады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Әлеуметтік желі балаларымызға зиян тигізеді, мен оларға тыйым салуды талап етемін», — деді Австралия премьер-министрі Энтони Албанес баспасөз мәслихатында.

Ол осыған дейін де балалардың психикалық саулығын сақтаудың және балалық шағын алаңсыз өткізуге жағдай жасаудың маңызды екенін айтқан.

Байланыс министрі Мишель Роуланд шектеу салынатын  платформаларға Instagram және Facebook Meta, сондай-ақ ByteDance компаниясының TikTok және Илон Масктың X қолданбалары кіретінін айтты. Alphabet YouTube сайты да заңға бағынуы мүмкін, деп қосты ол.

Одан бөлек, Ресей 14 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Интернетте әртүрлі қауіпті ұйымдардың көбеюі және заң бойынша реттеудің жоқтығы балалар үшін алаңдауға себеп болып отыр. Сонымен қатар Ұлыбритания да 16 жасқа дейінгі балаларды әлеуметтік медиадан шектеу бойынша заң қабылдану жөнінде бастама көтерген. Елдегі министрлер мен қоғам белсенділері «Әлеуметтік желі — балалар отыратын орын емес», — деп есептейді.

Ал Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіні пайдалануын шектеуге қатысты заң жоқ. Қоғам белсенділері, депутаттар осы жөнінде бастама көтеріп тұрады.

 Осыған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Ерлан Саиров:

«TikTok-тың жастарымызға рухани зияны артып келеді. Өкінішке қарай балалар TikTok арқылы тәрбиеленіп жатыр. Онда порнография, суицид және теріс контенттер осы TikTok арқылы таралуда», — деген болатын.

Бұл мәселені Сенат депутат Геннадий Шиповский де көтерген еді. Оның депутаттық сауалына  ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов жауап берді. Бектенов әлеуметтік желі мұқият қағаланатынын, қазіргі уақытта оларды түбегейлі шектеу жоспарда жоқ екенін хабарлады. Үкімет басшысы уәкілетті орган тұрақты негізде Tik Tok ресми өкілдігімен жұмыс жүргізетінін айтты.

—   Жас пайдаланушыларды зиянды контенттен қорғау мақсатында платформа тіркелу формасын әзірледі (стандарттарға сәйкес), онда толық туған күнін көрсету қажет, өйткені TikTok 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға арналмаған. Платформа автоматты түрде және қолмен модерациялауды қолдана  отырып, көрсетілген контентті (экстремизмді, радикализмді, сепаратизмді, шектен тыс қауіпті және моральдық құндылықтарға қайшы контенттер) анықтау және шектеу үшін алгоритм әзірледі — деді Премьер-Министр.

 2024 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстанда 13 жасқа толмаған 1 239 635 пайдаланушының TikTok парақшасын жойған, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 1 842 467 болған.

Сурет: dzen.ru

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
16 жасқа дейінгі балалар Tik–Tok Австралия Әлеуметтік желі депутаттық сауал
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді

Экология 10/06/2025

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

Сұқбат 06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

Экология 06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

Экономика 06/06/2025

Илон Маск Трампқа импечмент жариялауды құптайды

Саясат 06/06/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді

10/06/2025

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

06/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.