Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу саласына қытайлық инвестор келмек
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 01/11/2024

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу саласына қытайлық инвестор келмек

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық Fufeng Group компаниясының басқарма төрағасы Ли Сюэчунмен агроөнеркәсіптік кешен және көмір химиясы саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Жиында Терең өңдеуге баса назар аудара отырып, ұзақмерзімді инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне ден қойылды.

Fufeng Group Company Limited – аминқышқылдары мен олардың туындыларын өндіруге, сондай-ақ осы саладағы зерттеулер мен әзірлемелерге маманданған био-ферменттеу индустриясындағы әлемдік көшбасшы. Компания әлемдегі ең ірі натрий глутаматы мен ксантан шайырын өндіруші саналады.

Fufeng Group-тың Қазақстанда крахмалды қант өндіру және аминқышқылдарын ашыту зауыттарын, сондай-ақ көмір жылу электр стансасы мен ағынды суларды тазарту стансасын қамтитын жүгеріні терең өңдеуге арналған тігінен интеграцияланған өнеркәсіптік парк құру туралы ұсынысы талқыланды.

Бидай мен жүгеріні терең өңдеу крахмал, аминқышқылдары, натрий глутаматы және ксантан шайырының қосылған құны жоғары өнімдерді алуға мүмкіндік береді, олардың бағасы шикізат құнынан 10-15 есе жоғары. Жоба аясында 1 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда, инвестиция көлемі шамамен $300-350 млн-ды құрайды.

Ли Сюэчунь компанияның ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үдерісіне қатысуға, сапалы тыңайтқыштар беруге және қазақстандық мамандармен заманауи агротехнологиялар бойынша тәжірибе алмасуға дайын екендігін атап өтті. Сондай-ақ инвестор көмір-химия секторындағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

Қазақстан Премьер-министрі Мемлекет басшысының экономиканың өсуін қамтамасыз ету жөніндегі алға қойған мақсатына қол жеткізу шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялардың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан қосылған құны жоғары өнім өндірісін ұлғайтуға ұмтылуда, ал астықты терең өңдеу кешендерін салу басым бағыт саналады. Бұл – экономиканы әртараптандыруға және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік беретін стратегиялық бағыт. Бізде бұл үшін қажеттінің бәрі бар: инфрақұрылым, шикізат ресурстары және мемлекеттік қолдау шаралары», — деді Олжас Бектенов.

Қазақстан нарығында Fufeng Group сияқты ірі ойыншының пайда болуы ауыл шаруашылығы дақылдарын, әсіресе, астық егетін солтүстік өңірлерде әртараптандыруға ықпал етеді деп күтіліп отыр. Компанияның қазақстандық фермерлермен жоспарлы оффтейк-келісімшарттар жасасуы тиімді ынтымақтастыққа кепілдік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр Ауыл шаруашылығы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне Fufeng Group компаниясымен инвестициялық келісімді жедел түрде дайындауды тапсырды.

Суреттер: Үкімет

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Ауыл шаруашылығы дақылдары Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов ҚР Қытайлық Fufeng Group компаниясы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.