Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 8 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Атырауда жоғалған отбасының табылмауына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Дария Ғұмар жаңалық 05/01/2026

Атырауда жоғалған отбасының табылмауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Атырау облысында бір отбасынан шыққан алты адамның із-түссіз жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Атырау облысының полиция департаменті хабарлады.

Құқық қорғау органдары Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында тұратын ерлі-зайыптыны және олардың 35, 33 және 31 жастағы екі қызы мен бір ұлын және 30 жастағы күйеу баласын бір айдан астам уақыт бойы іздестіріп жатыр.

2025 жылдың қараша айының басында отбасы «Дәрігерге барып қайтамыз» деп жолға шығып, содан бері үйлеріне оралмаған. Айта кетейік, олардың үй-жайы жинақы күйінде тұр. Малы мен азық-түлігіне ешкім тиіспеген. Отбасы қарашадан желтоқсанға дейінгі зейнетақыларын алдын ала шешіп алған, ал ауладағы малды алдын ала сатқан.

Отбасының кіші қызы Ақбаян да күйеуі Сұлтанмен бірге 5 қараша күні жолға шығып, содан бері хабарсыз кеткен. Олардың бес баласын қазір енесі қарап отыр.

Атырау облысының ПД бастығының бірінші орынбасары, полковник Құттыбай Садықовтың айтуынша, қазір өңірдегі мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелер тексеріліп жатыр. Сондай-ақ жоғалған азаматтардың телефон нөмірлері Қазақстан аумағында бірнеше рет қосылып-өшірілген, соңғы рет Шымкент қаласында, одан кейін Өзбекстан аймағында ұялы байланыс тіркелгені анықталды.

Полиция іздестіру жұмыстарын ресми түрде 2025 жылдың 29 желтоқсанында бастады. Іздестіру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, Ішкі істер министрлігінің сарапшылары тартылды.

Құттыбай Садықовтың айтуынша, екі немесе одан да көп адамның із-түзсіз жоғалуы Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қаралады.

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Адам жоғалу фактісі Атырау Атырау облысы Басты ақпарат Дербес деректер жеке дерек Жоғалған отбасы Іздеу салынды қылмыстық іс оқиға Өзбекстан Полиция департаменті Ұялы байланыс
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.