Атырау-Орал-Атырау бағытындағы рейстер тоқтатылды. Бұл туралы Qazaq Air әуе компаниясы хабарлады.
Әуе компаниясының дерегінше, рейстердің тоқтауына бұл бағыттың қаржылай тиімсіздігі себеп болған. Қолданыстағы тарифтер тіпті операциялық шығындарды жабуға жеткіліксіз.
Екі қала арасында автобус, пойыз және автокөлікпен қатынау құны әлдеқайда арзан – орта есеппен 5-7 мың теңге, сондықтан көпшілік осы транспорт түрін таңдайды.
Атырау-Орал бағытындағы рейс 2016 жылы іске қосылды. Компания аптасына төрт рет рейс орындаған.
БҚО-дағы М. Мәметова атындағы әуежайдың баспасөз қызметі Sarapshy.info редакциясына Qazaq Air 1 қараша мен 28 наурызға дейін рейс тоқтатылатыны туралы хат жолдағанын, бірақ себебін түсіндірмегенін хабарлады.
Оқыңыз:
Қазақстанда 20 әуежай жұмыс істейді, соның оны — мемлекет меншігінде.
фото: freepik.com

