Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 18 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Астанада зейнеткерлер қаражатын тартқан пирамида қызметі тоқтады
Наргиза Ерес sarapshy.info 06/02/2025

Астанада зейнеткерлер қаражатын тартқан пирамида қызметі тоқтады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Астана қаласында 286 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған қаржылық пирамиданың жұмысы тоқтатылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Happy Life KZ» ұйымының 2016 жылдан 2024 жылға дейін заңсыз қызметпен айналысқанын анықтады. 

Күдікті биологиялық белсенді қоспалар сатамын деген сылтаумен зейнеткерлерді қаржы пирамидасына тартқан. Жаңа қатысушыларды 10%-дан 300%-ға дейін пайда табасың деп сендірген.

Қаржылық схема бойынша салым мөлшері 7 500 теңгеден 2 миллион теңгеге дейін өзгерген. Жоғары табысқа сенген салымшылардан жалпы сомасы 286 миллион теңгеден астам қаражат жиналған.

«Барлық зардап шеккендер – жеңіл табыс туралы құрғақ уәдеге сеніп қалған зейнеткерлер екенін атап өту керек, олар өз жинақтарының басқа салымшылар арасында ақша бөлу схемасының бір бөлігіне айналатынын сезбеген», — делінген хабарламада.

Күдікті қаржы пирамидасынан түскен қаражаттың бір бөлігіне 36 миллион теңгеге элиталық тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алған.

Соттың санкциясымен аталған пәтерге тыйым салынды. Күдіктіге «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазір тергеу жалғасып жатыр.

2024 жылы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеген. Пирамидалар кесірінен адамдар 20 миллиард теңгеден астам шығынға батқан. Оның ішінде 13 миллиард теңгеден астам қаражат мемлекетке қайтарылды.

Биыл ақпанның басында «QI-Trade Kazakhstan» қаржы пирамидасын құрған және басқарған Қазақстан азаматын Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды. Ол 4,7 мыңнан астам салымшыдан жалпы сомасы 15 миллиард теңге қаражат жинаған.

 

Cурет: Shutterstock

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Happy Life KZ» QI-Trade Kazakhstan Астана биологиялық белсенді қоспалар зейнеткер Қаржы мониторингі Қаржы пирамидасы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.