Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Астанадағы LRT құрылысы: тіректерді тұрғызу жұмысы 100% аяқталды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 20/09/2024

Астанадағы LRT құрылысы: тіректерді тұрғызу жұмысы 100% аяқталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Елордада жеңіл рельсті көліктің (LRT) 22 шақырымдық эстакадалық жолының құрылысына қарастырылған барлық 799 тірек салынып бітті. Оған 2,5 мың жұмысшы жұмылдырылған. Бұл туралы Елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлады.

53,7 мың текше метр бетон және 42 мың тонна арматура тіректерді құю үшін жұмсалды. Тіректің төменгі бөлігінің ені – 2-2,4 метр, жоғарғы бөлігі – 6,8 метр, биіктігі эстакада жолының өтетін жеріне байланысты 5-тен 18 метрге дейін, бір тіректің орташа салмағы – 200 тонна.

Қазақстандық стандарт бойынша В45 класындағы М600 маркалы бетон қолданылған.

Айта кететін жайт, В45 класындағы бетон гидроэлектростанцияларды, бекініс құрылыстарын, бункерлерді, метрополитен, ауыр металлургия кәсіпорындарын, химиялық, ғарыштық, қорғаныс зауыттарын, атом энергетикасы объектілерін салуда қолданылады.

Жоба бойынша «Нұрлы жол» вокзалынан әуежайға дейін созылатын LRT қаланың негізгі көшелерін басып өтеді. Кептелісті жеңілдететін жеңіл рейсті көліктің ұзындығы 22,4 шақырым болмақ.

LRT жайлы

Ел аузында «Жемқорлық ескерткіші» деп аталып кеткен қымбат жобаның тарихы 2005 жылдан басталады. Осыдан 19 жыл бұрын қалалық әкімдік «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» атауымен бағдарлама қабылдайды.

Бағдарлама бойынша құрылыс 2008 жылы басталуы керек еді. Бірақ кейінге қалдырылды. Құрылысты бастау үшін жоба 2009 жылдың төртінші тоқсанында мақұлданды. Сөйтіп 2011 жылдың 4 шілдесінде ресми түрде басталады. Бірінші кезең 2,5 жылдың ішінде салынып бітуі керек болған. Бірақ іс жүзінде жұмыс жүргізілмеді. Араға екі жыл салып, 2013 жылы құрылыс тоқтаған.

Бірақ 2015 жылдан бастап LRT бойынша келісімшарт жұмысы қайта жандана бастады. Құрылыс ресми түрде 2017 жылы басталды. Сол жылы күзден бастап белсенді түрде салына бастады.

Оның құрылысына 2023 жылы 50 млрд теңге бөлінген. Ал жалпы жобаға 600 млн доллар керек. Бұл жайлы 2023 жылдың мауысымында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтқан.

Қазір LRT құрылысы үшін қанша қаржы желге ұшқанын көпшілік санамайтын да болған.

2020 жылы құрылыс кезінде болған ұрлықтарға қатысты тергеу басталды. Кейін сот процесі жүргізілді. 2021 жылы Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке іздеу жарияланды. Сол жылы жеті айыпталушы жетіден он жылға дейін бас бостандығынан айырылып, оларға 5,8 миллиард теңге көлемінде шығынды өтеу міндеттелді.

Сонымен қатар Astana LRT жобасында 257 млн доллар көлеміндегі қаржы ұрлау ісі бойынша тағы бір тергеу басталғаны белгілі болды.

Жалпы LRT-ның ұзындығы – 22,4 шақырым. Құрылыс жоспарына сәйкес, 18 аялдама бекеті салынады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, эстакаданы монтаждау, рельс төсеу, электрлендіру жұмысы осы жылдың соңында аяқталуы тиіс. Ал 2025 жылы сегіз станция пайдалануға берілмек. Құрылысқа қытайлық компания тартылған.

Фото: Радмир Фахрутдинов / Liter.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 LRT құрылысы Астана қаласы Жемқорлық ескерткіші
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.