Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Астана тұрғыны үйіне мыңға жуық адамды тіркеген
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 20/09/2024

Астана тұрғыны үйіне мыңға жуық адамды тіркеген

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ел тұрғындары мен шетелдіктерді тұрғын үйге жалған тіркеу фактілері республикалық маңызы бар үш қалада жиі анықталып отыр.

«Жалпы еліміз бойынша 1 348 «резеңке» пәтер анықталды. Онда 36 мыңға жуық адам тіркелген. Тіркеусіз тұрғаны үшін 200 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — дейді ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.

Бір үйде «мың» адам тұрады

Комитет басшысы жалған тіркеу үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те болуы мүмкін екенін еске салды.

«Астана тұрғыны мыңға жуық азаматты тұрғын үйіне тіркеген. Сол арқылы заңсыз көші-қонды заңдастыру мен ұйымдастыру түрімен айналысқан. Пәтер иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды», — деді полиция полковнигі.

Қоса өтсек, биылғы наурыз айында Алматы облысының ауылындағы бір тұрғынның үйінде 300 шетелдіктің тіркелгені әшкереленген болатын.

Полиция заңсыз миграцияны ұйымдастыру туралы қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар Алматы облысында мұндай 13 мың факті анықталды.

Биылғы мамырда прокурорлар «резеңке» үйлер деп аталатын жалған адрестер бойынша тіркелген 22 мың шетелдікті тапты.

Сурет: ОКҚ

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Резеңке» пәтер 2024 Аслан Аталықов ІІМ Көші-қон қызметі комитеті Миграция
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.