Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Вторник, 8 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қаржыгерлер бір жылдан кейін доллар бағамы 500 теңгеден асады деп болжап отыр
Наргиза Ерес sarapshy.info 11/11/2024

Қаржыгерлер бір жылдан кейін доллар бағамы 500 теңгеден асады деп болжап отыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының болжамы бойынша алдағы бір жылда доллардың курсы 507 теңге болуы мүмкін.

Қауымдастық 2024 жылдың қараша айындағы қаржы нарығының кәсіби мамандарының кейбір көрсеткіштерге қатысты пікірі мен сауалнама нәтижелерін ұсынады.

  • Энергоресурстар бағасының төмендеуі, жоғары пайыздық мөлшерлемелер және инфляция, сондай-ақ әлемнің ірі экономикалары арасындағы сауда қатынастарының нашарлауы Қазақстан экономикасының өсуіне кері әсер етуі мүмкін: алдағы бір жылдағы ЖІӨ өсімі туралы болжам бұрынғы 4,4%-дан 4,3%-ға дейін төмендеді (2024 жылдың 9 айында 4%).
  • Келесі жылы Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 77,4 доллар болады деп болжануда (бір ай бұрын 78,9 доллар болған). Бұл болжам АҚШ пен ОПЕК+ елдерінде шикізат өндірісінің артуы және әлемдік экономикадағы жоғары пайыздық мөлшерлемелердің мұнайға деген сұранысты төмендетуі сияқты факторлармен байланысты.
  • Қазақстан теңгесінің бағамына қазіргі уақытта бірнеше фактор әсер етіп жатыр. Олар: нақты мөлшерлеменің төмендеуі, мұнай бағасының арзандауы, елге тауарлардың көп мөлшерде әкелінуі және сыртқы қарыз бойынша үлкен сомадағы төлемдер. Бұл факторлардың әсерінен алдағы бір жыл ішінде 1 доллар 507,1 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл қазіргі бағадан 3,1% жоғары.
  • Айлық инфляцияның қыркүйек айымен салыстырғанда қазан айында екі есе өсуі (қыркүйекте 0,4% — дан қазан айында 0,9% — ға дейін) және) және оның жиі өзгеріп отыруы басты мөлшерлемені төмендету процесінің жалғасуына кедергі болады.
  • Қаржы нарығындағы сарапшылардың көбі (75%) 29 қарашада болатын Ұлттық банк отырысында пайыздық мөлшерлеме өзгермей, 14,25% деңгейінде қалады деп есептейді. Ал қалған 25% сарапшылар мөлшерлеме 14% болуы мүмкін деп ойлайды. 
  • Бірақ, инфляцияның өсуіне байланысты болашақта да бағаның қымбаттауы жалғаса береді деген болжамдар бар. Келесі жылы инфляцияның орташа деңгейі қазан айындағы 8,1%-дан 8,4%-ға дейін өсуі мүмкін.
  • Осыған байланысты, келесі 12 ай ішінде негізгі мөлшерлеме екі таңбалы санды құрайтын болады және 13% (қазіргі 14,25%) деңгейінде болуы мүмкін.
  • Демек, бір жылдан кейін экономикадағы нақты пайыздық мөлшерлеме қазіргі 5,75% деңгейінен 4,5% -ға дейін төмендеуі мүмкін.

Соңғы бес жылда доллар 100 теңгеге қымбаттаған. Күн өткен сайын мұндай өзгерістердің орын алуы халықты алаңдатып отыр. Экономистердің пікірінше, Америкадағы саяси науқан, мұнай бағасы, инфляция деңгейі мен импорт көлемінің артуы да доллар бағамының өсуіне әсер етіп жатыр.

Сурет: kapital.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Доллар өсті Инфляция Мұнай бағасы Сыртқы қарыз
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

07/07/2025
Экономика

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

04/07/2025
Шолу

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

04/07/2025

Жаңа мақалалар

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

sarapshy.info 07/07/2025

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

Әлем жаңалықтары 07/07/2025

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

Экономика 04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

Экология 04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

Шолу 04/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

07/07/2025

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

07/07/2025

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

04/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.