Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қарағандыда Нығматуллинге қарасты зауыт жұмысшылары наразылық акциясын аяқтады
Арайлым Еркебаева жаңалық 22/12/2024

Қарағандыда Нығматуллинге қарасты зауыт жұмысшылары наразылық акциясын аяқтады

https://asiaferroalloys.com/
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қарағанды қаласындағы Asia FerroAlloys зауытының жұмысшылары 20 желтоқсанда наразылыққа шыққан еді. Зауыт ұжымы екі жылдан бері жалақылары өспей отырғанын, күнкөрістің қиындап кеткенін айтып ашынған. Жұма күні № 9 цехтың түнгі ауысымының қырық шақты қызметкері зауыт сыртына шығып шу көтерді. Жұмыс берушімен келісімге келмеген олар әрі қарай жұмыс істеуден бас тарты. Оқиға болған жерге Қарағанды қаласы әкімдігінің мамандары барып, оларға басу айтты. Полиция да қарауыл қойып, жағдайы бақылауға алған.

Әкімдік мамандары белсенді топ құрып, нақты талаптарын зауыт басшысына жазып берулерін ұсынған. Сол күні жұмысшылар жалақыны 50 пайызға көбейтсін және 13-ші жалақыны төлесін деген талаптарын қосып, зауыттың бас директорына ресми хат жолдады. Олардың арыз-шағымымен танысқан зауыт басшылығы дүйсенбі күні жауап бермекші болды. Осыдан кейін жұмысшылар өз жұмыс орындарына оралған еді. Алайда 21 желтоқсанда таңертең аталмыш цехтың жарты жұмыскері мәселе шешілгенше жұмыс істеуден бас тартқан.

Жұмысшылар наразылығы жексенбідеде жалғасты

22 желтоқсанда наразылығын жалғастырған жұмыскерлер басшылықтың екі жылдан бері жалақыны өсірмей келе жатқанын алға тартып, мәселені тез арада шешуді талап етті. Бүгін жұмысшылармен әкімдікпен қоса зауыттың басшылары да келіссөз жүргізді. Келіссөз зауыт ғимаратының ішінде ұйымдастырылды. Зауыт тарапы журналистерді мұнда кіргізген жоқ. Ал қала және облыс әкімдігінің баспасөз қызметі зауыттан ақпарат түскен жоқ деген желеумен үш күн бойы ешқандай мәлімет таратпады. Цех қызмектері Нұргул Хамитованың айтуынша, 22 желтоқсанда күні бойы жалғасқан келіссөз кешке қарай аяқталған.

–  Кешке қарай жиналыс аяқталды, енді ғана үйге кетіп бара жатырмыз. Күні бойы осында жүрдік. Негізінен дүйсенбіні күтіңдер деген еді, оған жігіттер «Кетпейміз, жұмысқа да шықпаймыз» деп тұрып алды. Ақыр соңында басшылық жалақыны 8,5 пайызға өсіретін болды. Металл өтпей тұрғанын айтып, дәлелдер келтірді. Сонымен қатар жаңа жыл мерекесінде 100 мың теңге сыйақы беретін болды. Соған келістік, енді басқа амал жоқ. Өйткені екі жыл бойы жалақымызды көтермей келе жатыр, қымбатшылық деңгейі өсіп кетті. Ал ана жұмысқа шықпай қалған ауысым жұмысшыларының жалақысы есептеле береді , — деді Sarapshy.info-ға сұхбат берген зауыт жұмысшысы Нұргүл Хамитова.

Наразылық кезінде зауыттың үш ауысым бойынша еңбек ұжымдары жұмыс істеуден бас тартқан. Келіссөз аяқталған соң облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жағдай тұрақталды деген ақпарат таратты. Зауыт штаттық режимде жұмыс істейді.

Зауыт қожайындары кімдер ?

Asia FerroAlloys зауытында тас көмір шығару, кокс өнімін сұрыптау, ұсақтау оны жөнелту жұмыстары атқарылады. Ферроқорытпа зауытының  біржылдық өндіріс қарқыны – 57 мың тонна. Бұл зауыттың бастығы – Евгений Штеер, ал оған иелік ететін тікелей қожайындары Ерлан Нығматулин мен Давид Кемертелидзенің бақылауындағы компания Asterium Holding.

фото: asiaferroalloys.com

Автор

  • Арайлым Еркебаева

    филолог, журналист. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультетінің түлегі. Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы "5 арна" телекомпаниясында журналист болып бастаған. "Жас Алаш" республикалық газетінде, Inbusiness.kz сайтында тілші болды. 2024 жылдан бастап sarapshy.info порталының тілшісі.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.