Қарағанды облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан инкассатор көлігінде бір адам көз жұмды. Сонымен қатар 3 млн теңгеден астам ақша көлікпен бірге өртеніп кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Полиция департаментінің мәліметі бойынша, жолда Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Lada Largus инкассатор көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан 28 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты. 36 жастағы жолаушы мен Toyota көлігінің 41 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

