Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қарағанды қаласында Jetour және Geely компанияларының шарттарынан бұзушылық анықталды
Гүлмира Сарсенғали жаңалық 28/08/2025

Қарағанды қаласында Jetour және Geely компанияларының шарттарынан бұзушылық анықталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қарағанды қаласында Jetour және Geely компаниялары қызметінде заңбұзушылық анықталды. Бұл жөнінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Аталған агенттіктің Қарағанды облысындағы департаменті тексеріс жүргізген. Тұтынушылар ресми дилерлердің талабы заңсыз екенін айтып, департаментке шағымданған.

Белгілі болғаны, «KRG AUTO» ЖШС (Jetour ресми дилері), «Autocity Karaganda» ЖШС (Geely ресми дилері) сатып алу-сату шарттарында компаниясы мүдделеріне басымдық берілген. Шарттарда белгілі бір сервистік орталықтарда ғана автокөліктерге техникалық қызмет көрсетілетіні жазылған.

«Шарт орындалмаған жағдайда кепілдік міндеттемелері тоқтатылатын болған. Мұндай келісімшарт талаптары тұтынушылардың құқықтарын шектейді. Сатудан кейінгі қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестікке кедергілер туғызады. Анықталған бұзушылықты жою және тоқтату мақсатында департамент тиісті компанияларға хабарлама жолдады. Екі компания да көрсетілген нұсқамаларды белгіленген мерзімде орындады», — деп хабарлады агенттік.

Мұндай заңсыздық Орал қаласында да анықталған еді. «G Motors Uralsk» ЖШС, яки Geely ресми дистрибьюторының заңсыз әрекеті жөнінде тұтынушылар шағымданған.

Еске салсақ, осыған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстандағы 11 әуежайға қатысты тергеп-тексеру бастағанын жазған едік. Себебі әуе керосиннің көтерме және бөлшек сауда нарығына жүргізген талдау нәтижесінде отын құнының негізсіз өсуі анықталды.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі соты «СНПС Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамын бәсекелестік туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін айыпты деп таныды. Бұл шешімнің негізі Ақтөбе облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті жүргізген тергеп-тексерудің нәтижелері болды.

Фото: Freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 Geely Jetour автомобильдер Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қарағанды облысы ҚР Ресми дилерлер Сатып алу-сату шарттары
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.