Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Анкарада теракт болып, бес адам қаза тапты
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 24/10/2024

Анкарада теракт болып, бес адам қаза тапты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Теракт 23 қазанда Түркияның Анкара қаласында «Anka» ұшқышсыз ұшақтары жасалып, «F-16» ұшағы модернизацияланатын «Tusaş» түрік әуекомпаниясы ғимаратының кіреберісінде болды.

Объекттер алдында атыс пен жарылыстар естілген. Ресми дерекке сүйенсек, қазірге дейін бес адам қаза тапқан. Олардың арасында бақылау-өткізу бекетінде отырған күзетші де бар. Сондай-ақ 22 адам жарақат алған.

Сол күні оқиғаға қатысты Ішкі істер министрі Али Ерликая бірден мәлімдеме жасады.

«Анкараның Кахраманказан нысандарына теракт жасалды. Өкінішке орай, құрбан болғандар мен жараланғандар бар. Алла рахымына алсын», — деді ол. 

Лаңкестік әрекеттен кейін оқиға орнына жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі және қауіпсіздік тобы барған.

«Біздің бағалауымызша, шабуыл Күрдістан жұмысшы партиясының әрекетімен байланысты болуы мүмкін. Шабуылдаушыларды анықтағаннан кейін біз ақпарат және басқа да дәлелдермен бөлісеміз», — деді Түркияның Ішкі істер министрі.

Сондай-ақ министр екі лаңкестің (әйел және ер адам) көзі жойылғанын растады.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған шабуылдың бейбіт тұрғындарға бағытталғанын және лаңкестік сипатқа ие екенін мәлімдеді. 

Түркиядағы терактіде зардап шеккен қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы бүгін СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында біздің азаматтар жоқ», — деді ол.

Сурет: bbcturkce

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Tusaş» түрік әуекомпаниясы ғимараты 2024 Айбек Смадияров Али Ерликая Кахраманказан нысандары Режеп Тайип Ердоған Түркия елі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.