Бүгін, 4 желтоқсанда 12:45-те Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» хабарлады.
Алғашқы мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы дерек жоқ. Ақпарат нақтыланып жатыр.
Алматы қаласындағы жер сілкінісінің күші — 3 балл.
Алматы облысының бірқатар аудандарында да 2–3 балл деңгейінде жер сілкінісі тіркелген. Кеген, Райымбек аудандарында магнитуда 3 баллды, Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Ұйғыр, Іле, Жамбыл аудандарының бірқатар елді мекендерінде 2–3 балл арасында болды.
Жер сілкінісіні Жамбыл облысының Қордай, Шу, Мерке, Төле би және Құлан елді-мекендеріне де жетті.
фото: freepik.com

