Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Алматыдағы дау-дамай: «Бағанашыл» балалар үйі көшірілмейтін болды
Дария Ғұмар жаңалық 21/07/2025

Алматыдағы дау-дамай: «Бағанашыл» балалар үйі көшірілмейтін болды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Алматы қаласындағы балалар үйіндегі жасөспірімдерді жергілікті билік күшпен көшірмекші болған. Тәртіп сақшыларының бұйрықты орындауға кіріскені туралы бейнжезба желіде кеңінен таралды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SARAPSHY.INFO (@sarapshy.info)

2025 жылғы 10 шілдеде Алматыдағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына көшіру туралы шешім қабылданды. Балалар үйі орналасқан Бағанашыл ауданындағы жер телімі жаңа қымбат тұрғын үй комплексін салуды жоспарлаған компанияны қызықтырып отырғаны белгілі.

Бұл шешімге қарсы тәрбиеленушілер ақпан айынан бері қоғамға үндеу жасаумен келеді. Сол сәтте бала құқықтары жөніндегі өкіл Динара Закиева келіссөз жүргізіп, мәселенің реттелгенін атап өтті.

Алайда шілде айында Алматы облысының білім басқармасының басшысының қызметін атқарушы Айгүл Маралбаева балалар үйін көшіру туралы ресми құжатқа қол қойды.

Балалардың жанайқайы Ақордаға жетті. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеуінше, Алматы әкімі Дархан Сатыбалдыға балалар үйін жөндеуден өткізіп, оны қаланың балансына қабылдау туралы жеке тапсырма алған. Сонымен қатар, бұл жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі тексеріс жүргізеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды таныс ортадан ажыратып, толық инфрақұрылымы жоқ жаңа мекемеге көшіру қоғам белсенділерінің де сынына ұшырады. Бала құқықтары жөніндегі экс-омбудсмен Аружан Саин бұл әрекетті БҰҰ Конвенциясы мен Қазақстан заңнамасының тікелей бұзылуы деп атады.

 фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Алматы Бағанашыл балалар үйі Екінші ақпарат Жер телімі құқық Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.