Алматы-2 теміржол вокзалында 52 адам, оның ішінде 10 бала көміртегі тотығымен уланды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Төтенше жағдай орнында 13 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Зардап шеккендер қалалық ауруханаларға орналастырылған. Олардың екеуі жансақтау бөліміне түсті. Пациенттердің қалған бөлігі тексеруден соң дәрігердің бақылаумен үйлеріне жіберілді.
Оқиға болған пойыз Қазақстан темір жолына тиесілі емес екені айтылды. ҚТЖ мәліметінше, бұл пойыз түсірілім жүргізу үшін киностудияға берілген.
фото: freepik.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

