Абай облысында Алакөл жағалауының шайылу қаупіне байланысты жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады.
“Қабанбай ауылдық округінің Мақаншы ауданындағы Алакөл демалыс аймағында жағалаудың шайылу қаупі бар. Ол жерде демалыс үйлері орналасқан, сондай-ақ шаруашылық нысандарына да материалдық зиян келуі мүмкін”, — делінген құжатта.
Алакөл Абай мен Жетісу облыстарының қиылысында орналасқан. 2025 жылы көлге келген туристер 4,8 млн адамды құрады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл шілде айында Ермек Көшербаев бастаған жұмыс тобы Алакөл мен Балқашта тексеріс жүргізді.
фото: almatytour.kz

