27 тамыз күні түнде Маңғыстау облысында жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін 01:33-те анықтады. Апат эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 2321 шақырым жерде, Ресей аумағында орналасқан. Оның магнитудасы 5,2, тереңдігі 15 шақырымға жетті.
Ақтаудан 209 шақырым жерде жер сілкінісінің есептік қарқындылығы 2 баллға жетті.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.
Сонымен қатар, дүмпулер Каспий маңындағы Әзербайжан, Грузия, Иран және Арменияда сезілді.
Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 3 балдық жер сілкінісі тіркелді.
фото: Wikipedia

