Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіровке айыппұл салынды
Гүлмира Сарсенғали жаңалық 16/09/2025

Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіровке айыппұл салынды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіров әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 78 640 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ерболат Әбдіровке қатысты Ақтау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысын апелляциялық тәртіппен қайта қарады.

Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың Әбдіровтің кінәсіздігі туралы тұжырымдары негізсіз екенін анықтады.

Апелляциялық қарау барысында 2025 жылдың 27 тамызында сағат 23:00-де оның Алматы-Астана бағыты бойынша КС-955 рейсіне жолаушыларды тасымалдаған автобуста адамдарға тиіскені, қоғамдық тәртіпті бұзғаны расталды.

Әбдіровтің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, куәгерлердің айғақтарымен, әуежай мен полиция қызметкерлерінің актілері және баянаттарымен дәлелденді.

«Алқа Әбдіровтің ӘҚБтК-ның 434-бабы 1-бөлігімен көзделген ұсақ бұзақылық жасағанын анықтады. Осыған байланысты бірінші сатыдағы сот қаулысы заңсыз әрі негізсіз деп танылып, жойылды. Өйткені сот істің дәлелдемелерін толық көлемде зерттемеген және тиісті құқықтық баға бермеген. Нәтижесінде Әбдіров әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енді», — деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін ақпарат құралдары Алматы әуежайында Ерболат Әбдіровті полиция ұстағанын хабарлаған еді. Оқиғадан кейін ол уақытша қызметінен шеттетілді.

Айтып өтелік, Әбдіров Ақтау қаласының прокуроры қызметіне 2024 жылы тағайындалды.

Фото/скриншот: Instagram/mangystau.news

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 айыппұл Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіров Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Маңғыстау облыстық соты
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.