Ақтөбе қаласында тұрғын үй қатынастары қалалық бөлімінің бұрынғы басшысы Жандос Әлімовқа қатысты сот процесі өтіп жатыр. Ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы заңсыз таратқаны үшін айыпталды.
Іс материалдарына сәйкес, заңсыз берілген тұрғын үйлерді бөлім қызметкерлері, олардың туыстары және айыпталушының жұбайы алған.
Пәтерді заңсыз жолмен алған әйелдердің бірі жекешелендірілген баспананы кейін шамамен 9,5 млн теңгеге сатқан.
Айыпталушы тұрғын үй комиссиясының құрамынан заң қызметінің өкілін шығарып жіберген. Бұның арқасында ол тұрғын үй кезегінде тіркелмеген азаматтарға баспана беру, кейін жатақханадағы бөлмелерді абаттандырылған пәтерлерге ауыстырып, оларды жекешелендіру туралы шешімдерді қабылдаған.
фото: freepik.com

