Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ақтөбе облысында жөнделген автожолдың бір бөлігі сапасыз болып шықты
Наргиза Ерес sarapshy.info 03/12/2024

Ақтөбе облысында жөнделген автожолдың бір бөлігі сапасыз болып шықты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ақтөбе облысында жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына жүргізілген мониторинг барысында бірқатар кемшілік анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік департаменті талдау жасаған.

Атап айтқанда, биыл Мәртөк – Дмитриевка – Байторысай – Полтавка автожолы орташа жөнделді. Оған бюджеттен шамамен 600 млн теңге бөлінген. Алайда жөндеу жұмысы аяқталмай жатып, төрт шақырым жол жарамсыз болып қалған.

Мониторинг барысында жобада айналма жол қарастырылмағаны белгілі болды. Мердігер инертті материалдарды жаңа салынған жол жамылғысы арқылы тасымалдаған. Сонымен қатар мердігер компаниямен келісімшарт кезінде кепілдік міндеттемелердің мерзімі екі жыл деп бекітудің орнына тек бір жылға бекітілген.

Осы мәселелерді жою үшін Ақтөбе облысының әкімдігі орташа жөндеудің кепілдік мерзімін қайта қарап, жол жабындысын қалпына келтіру бойынша мердігерге қатысты талап арыз берді.

Әкім не дейді?

Облысы әкімі 2024 жылдың 9 айы бойынша жоспарланған жұмыстардың тек жартысы орындалғанын мәлімдеген еді. Оның сөзінше, 4440 шақырым жолды ретке келтіруге 69,5 млрд теңге бөлінген. Алайда тоғыз айда тек 491,9 шақырым жол салынып, 315,7 шақырымға асфальт төселген. Бюджеттен бөлінген  26 млрд теңгенің 10,4 млрд теңгесі игерілген. Яки қаражаттың жарты бөлігіне жетер-жетпес ақша жұмсалған.

Қарабұтақ – Комсомол – Северное жол учаскесі, Қарауылкелді – Жарқамыс және Сағашилі – Талдысай жолдарының құрылысы мерзімнен айтарлықтай кешіккен. Соның салдарынан халық жол сапасы мен құрылыстың созылуына наразылығын білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры жүргізген әлеуметтік мониторинг нәтижесінде жол сапасына қатысты сауалнамаға қатысушылардың 69%-ы жол құрылысының нашар екенін айтқан еді.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
асфальт төселген Жол құрылысы жөндеу жұмыстары мердігер компаниям Мониторинг
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.