АҚШ Қаржы министрлігі «Роснефть» пен «Лукойл» компанияларына бағытталған санкциялардан Каспий құбыр консорциумын, «Теңізшевройлды» және Қарашығанақ кен орнын игеру жобасын шығарды. Бұл туралы ведомство жариялаған құжатта көрсетілді.
Аталған компаниялар мен жобалардың қалыпты жұмысын қолдау үшін қажетті қызметтер көрсетуге және транзакциялар жүргізуге рұқсат берілген. Алайда лицензия көрсетілген ұйымдардағы үлестерді сату немесе басқа тарапқа беру құқығын қамтымайды.
Таяуда ресейлік «Лукойл» санкция қысымынан шетелдегі активтерін сатуды бастады. Компанияның үлесін сатып алғысы келген швейцариялық Gunvor сауда компаниясын АҚШ «Кремльдің марионеткасы» деп айыптады.
фото: freepik.com

