Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Дүйсенбі, 12 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды
Нұртай Текебаев жаңалық 11/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылы Елдос Қоспаев бастаған ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды. Қылмыстық іске Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбектің қатысы бары анықталды. Бұл туралы Nege.Aqsha тың дерек жариялады.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың желтоқсаны аралығында Елдос Қоспаев басқарған қылмыстық топ «AV-Construction» ЖШС атынан Қыдырғали Байбекке Алматы қаласының Қаппаров көшесіндегі үш жылжымайтын мүлік нысанын сатқан. Бұл келісім алдын ала келісілген, ұйымдасқан схема бойынша жүзеге асқан.

Құжаттарда көрсетілгендей, келісімге қатысушылар – Абижанов, Танашев және Бабаев – Қоспаевтың келісімімен және басқа тұлғалардың ықпалымен үш нысанды сату туралы шешім қабылдаған. Бағалар құрылыс өзіндік құнынан айтарлықтай төмен белгіленген – шаршы метрі 230 мыңнан 425 мың теңгеге дейін, бұл экономикалық жағынан компанияға және оның заңды иелеріне зиян келтірген.

Мәселен, 114,7 м² болатын пәтер Қыдырғали Байбекке 43,5 миллион теңгеге сатылған. Сонымен қатар, жалпы көлемі 220 м² болатын екі коммерциялық емес нысан 50,2 және 40,4 миллион теңгеге берілген. Мұндай операциялар – көлеңкелі бизнес айғағы.

Қыдырғали Байбектің Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге оқығаны, ал Елдос Коспаевтың марқұм Болат Назарбаевтың «оң қолы» атанғаны – бұл істің саяси астарын күшейте түседі. Прокурорлардың айтуынша, Қоспаев Болат Назарбаевтың есімін жеке мақсатта пайдаланып, бизнес элитаға қысым көрсеткен.

2025 жылы сот Елдос Қоспаевты 15 жылға бас бостандығынан айырды. Оның ағалары Айдос пен Айбекке – 12 жылдан берілді. Тағы тоғыз адам 9 бен 12 жыл аралығында жаза алды. Бұл топ кәсіпкерлердің мүлкін тартып алып, олардың компанияларындағы үлестерін иемденген.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бұл іс – ұйымдасқан топ бизнес пен мемлекеттік аппараттың «жең ұшынан жалғасқанына» айғақ болатын, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық пен кландардың байланысын ашып берген, қоғамдық санаға зор ықпал еткен оқиға.

«2016 жылдың қазан айынан 2021 жылға дейінгі аралықта ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері мүліктік пайда алу мақсатында 5 ЖШС-ны рейдерлік жолмен басып алған және 1 ЖШС-ға рейдерлік жасауға дайындалған.

Сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 2018-2022 жылдар аралығында ЖШС-ның 4,6 млрд теңгеге сомасындағы мүлкін жымқырған.

Нәтижесінде «Esentai City» тұрғын үй кешеніндегі 133 тұрғын және тұрғын емес үй-жай арзандатылған бағамен өзіне, туыстарына және олармен үлестес тұлғаларға сатылған», — делінген Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының материалында.

Рейдерлік істен жапа шеккендер сотталушылардан 6,5 млрд теңгеге жуық материалдық шығын мен моральдық зиян өндірілді.

Айта кетейік, 2023 жылы Астана қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы Қыдырғали Байбекке 51750 теңге айыппұл салған.  Байбек тұрғын үй кешендерінің біріндегі коммерциялық емес (нежилое) нысанға кіру үшін есік ойығын (есіктің орнын) орнатқан. Алайда ол бұл жөнінде құрылысқа бақылау жүргізетін уәкілетті органды хабардар етпеген, соның салдарынан Әкімшілік кодексті бұзған.

Фото: Sputnik Қазақстан

 

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Алматы қылмыстық іс қылмыстық топ құру Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Экономика

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

06/05/2025
жаңалық

eGov Mobile интернетте таралған жеке деректерді анықтайтын жаңа сервисті ұсынды

05/05/2025
жаңалық

БҚО-ға құлаған дрондар бойынша әлі тексеру жүріп жатыр

17/04/2025

Жаңа мақалалар

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

Әлем жаңалықтары 06/05/2025

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

Экономика 06/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

11/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.