Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Дүйсенбі, 9 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»HILL Corporation мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» заңсыз келісім жасаған
Наргиза Ерес жаңалық 28/03/2025

HILL Corporation мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» заңсыз келісім жасаған

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) тексеру жүргізіп, HILL Corporation мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниялары арасында заңсыз келісім болғанын анықтады.

Мәселе неде?

Зерттеу барысында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясы локомотивтерге арналған мотор майларын сатып алу кезінде басқа да жеткізушілерге кедергі келтіргені белгілі болды. Олар конкурстарды ашық өткізбей, арнайы шарттар қойып, HILL Corporation-ның ғана жеңіп шығуына жағдай жасаған.

HILL Corporation бұл айыптаулармен келіспей, сотқа шағымданды. Бірақ 2025 жылдың 11 наурызында Жоғарғы Сот Агенттіктің тексеруі заңды деген шешім шығарды. Яғни, бұл екі компания арасындағы келісімнің шынымен әділетсіз болғаны расталған.

Анықталған заңсыз келісімнің көлемі 12 миллиард теңгеден асқан.

Қазір аталған іске байланысты тиісті шаралар қабылдануда.

2024 жылдың қаңтарында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ҚТЖ-ЖТ мен HILL Corporation арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімнің сомасы 624 млн теңгеден асатынын хабарлаған еді.

Ашық дереккөздерде High Industrial Lubricants & Liquids Corporation (HILL) компаниясының 2005 жылы тіркеліп, химиялық өнімдер мен мұнай өңдеу өнімдерін өндірумен айналысатыны көрсетілген. Бас директоры – Нұрбол Дүтбаев. Ulysmedia агенттігі «High Industrial Lubricants & Liquids Corporation» (HILL)» компаниясына бір ғана құрылтайшы – Дулат Қожамжаров тіркелгенін жазды.

HILL Corporation-ның заңды мекенжайы Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қапал Батыр көшесі деп көрсетілген.

Сурет: gov.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
HILL Corporation Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Жоғарғы сот заңсыз келісім ҚТЖ-Жүк тасымалы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025
жаңалық

eGov Mobile интернетте таралған жеке деректерді анықтайтын жаңа сервисті ұсынды

05/05/2025

Жаңа мақалалар

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

Сұқбат 06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

Экология 06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

Экономика 06/06/2025

Илон Маск Трампқа импечмент жариялауды құптайды

Саясат 06/06/2025

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

06/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.