Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 2 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Оралдық жас кинорежиссер Алматыда фильм түсірді
Нұрлыбек Рахманов Шолу 23/11/2022

Оралдық жас кинорежиссер Алматыда фильм түсірді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» қысқаметражды фильмі режиссер Айбек Нығмет үшін дебют болды. Фильм Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша және «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ қолдауымен түсірілді.

Әлеуметтік драма жанрындағы қысқаметражды фильм туыс адамдарыңыздың арасындағы нәзік иірімдерді қозғап, қазіргі заманғы отбасылардағы балаға әсіре қамқорлық көрсету туралы баяндайды. Фильмнің басты кейіпкері көп жылдан соң түрмеден шығады. Енді ол өз өмірінің мағынасын кәрі анасының арманын орындауда деп түсінеді. Ол анасының алдындағы кінәлі сезініп, бұл жанына тыныштық бермейді.

– Бір жағынан, ол анасының арманын орындағысы келеді, екінші жағынан, төлеуге тура келетін құн. Бұл — тек басты кейіпкердің қалауы, оның өзін-өзі тыныштандыру құралы. Бірақ ананың өзі жастық арманын жүзеге асырғысы келетін-келмейтіні белгісіз. Басты кейіпкердің анасына деген сүйіспеншілігі шексіз екені еш күмәнсіз, ол құрбан болуға дайын, – дейді фильмнің режиссері Айбек Нығмет.

Фильмдегі басты рөлді танымал актер, «Келінжан» және «Сержан братан» сериалдары арқылы қазіргі кино жұлдызына айналған Рүстем Жаныаманов сомдады. Оның фильмографиясында » Жаным, сен сенбейсің!», «Жаңғақ ағашы», «Сыныптастар» және басқа фильмдер бар. Ананың рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген актрисасы Рахилям Машурова, жас ананы «Анаға апарар жол» фильміндегі ана рөлімен танымал Алтынай Нөгербек сомдады. Сонымен қатар, фильмдегі кішігірім рөлдерді Асланби Медеулов, 6 жасар Шахнияз Данияр және М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері Нұрлан Әбілов сомдады.

Түсірілім тобына тоқталсақ, сценарийдің бірлескен авторы және креативті продюсері киносыншы Тұрар Төлегенов болса, бас продюсер – ақтөбелік кәсіпкер Болат Қабдығалиев. Қоюшы-оператор тәжірибелі маман — Асылхан Мелдебеков. Асылхан бас оператор ретінде «Зере», «Қазақша бизнес Кореяда», «Отыздан асып барамын», «Почти мачо» және басқа да ірі жобаларға қатысты. Костюм бойынша суретші — Елена Яковлева, кастинг-директор Әйгерім Әбілханова, дыбыс режиссері — Никита Фомин, ал атқарушы продюсер Рената Миргалиева.

Фильм Алматыда қаласы мен оның маңайында түсірілген. Фильм халықаралық және республикалық кинофестивальдерге қатысуға жіберіледі деп болжануда.

Нұрлыбек Рахманов

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Айбек Нығмет Кино
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Қазақстан өңірлеріндегі халық саны қалай өзгеріп жатыр?

01/07/2025
Қаржы

Қазақстандағы депозит нарығында теңге долларды ығыстырып келеді

28/06/2025
Қаржы

Jusan Bank банкрот болуы мүмкін бе?

28/06/2025

Жаңа мақалалар

Қазақстан өңірлеріндегі халық саны қалай өзгеріп жатыр?

Шолу 01/07/2025

Үндістанда зауыт жарылып, 40-қа жуық адам қаза тапты

Әлем жаңалықтары 01/07/2025

Еңбек министрінің бұрынғы орынбасары Ақмәди Сарбасов тергеліп жатыр

жаңалық 01/07/2025

Тұрғындар үкіметке сумен қамту мәселесі бойынша 30 мыңға жуық арыз-шағым жолдаған

жаңалық 01/07/2025

Баку Ресейге неге наразы?

Әлем жаңалықтары 30/06/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлеріндегі халық саны қалай өзгеріп жатыр?

01/07/2025

Үндістанда зауыт жарылып, 40-қа жуық адам қаза тапты

01/07/2025

Еңбек министрінің бұрынғы орынбасары Ақмәди Сарбасов тергеліп жатыр

01/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.