Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Шетелдік мигранттарды заңсыз жұмысқа алғандар 33 млн теңге айыппұл төлейді
Наргиза Ерес жаңалық 17/03/2025

Шетелдік мигранттарды заңсыз жұмысқа алғандар 33 млн теңге айыппұл төлейді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда наурыз айындағы үш күнде көші-қон заңнамасын бұзған 10 мыңға жуық адам анықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов мәлімдеді.

Төрағаның айтуынша, заң бұзған шетелдіктердің 4 500-і елде болу мерзімін бұзған, ал 2 500-і заңсыз еңбек қызметімен айналысқан.

«Оның ішінде 60 заңсыз такси жүргізушісі бар. Атап кетсек, бұған дейін жүргізілген арнайы операция кезінде 700-ге жуық заңсыз такси жүргізушісі анықталған болатын. 1240 шетелдік сот шешімімен елден шығарылып, оларға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды. Заң бұзушылардың басым бөлігі жақын шет мемлекеттен келгендер. Бірақ одан бөлек Бангладеш, Египет, Италия, Нигерия және Мадагаскар азаматтары да анықталды. Іздеуде жүрген 20 шетелдік ұсталды», — деді ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.

Шетел азаматтарының келгені туралы полицияға хабарламаған 2 200 жұмыс берушіге 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, Қазақстандағы 500 жұмыс берушіге шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін 33 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттеді. Олардың ішінде бес адам бұрын да осындай заң бұзушылыққа жол берген. Қазіргі таңда аталған азаматтарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 395-бабы («Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту») бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында заңсыз құжат рәсімдегендер де анықталды. Астана қаласындағы университеттің бірінде жатақхана коменданты 56 еңбек мигрантына студент ретінде уақытша тұруға рұқсат берген. Ал Алматы облысында нотариустың көмекшісі шетелдіктерді ойдан шығарылған мекенжайларға тіркеу үшін жалған сенімхаттар рәсімдеген.

«Шетелдіктердің келуі туралы хабарлама беру, жеке сәйкестендіру нөмірін алу, дакторегистрацияны өту және уақытша тұруға рұқсат рәсімдеу үшін мемлекет төлем алмайды», – деп мәлімдеген ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов тұрғындарды заң мен тәртіпті сақтауға шақырды.

Cурет: Polisia.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
айыппұл заң бұзған шетелдіктер заңнаманы бұзған заңсыз мигранттар заңсыз такси жүргізушісі ІІМ Көші-қон қызметі комитеті Үшінші ақпарат Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.