Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі ОПЕК+ белгілеген мөлшерден асып кетті
Наргиза Ерес жаңалық 13/03/2025

Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі ОПЕК+ белгілеген мөлшерден асып кетті

Oil pipe line valve in front of the barrels with OPEC siymbol. 3d illustration
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанның мұнай өндіру көлемі ақпан айында ОПЕК+ келісімі бойынша белгіленген міндеттемелерден асып түсті.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл өсім Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасы аясындағы технологиялық процестерге байланысты болған.

Министрлік уақытша өндіріс көлемінің артуын өтеу үшін қажетті шараларды қабылдағанын және жақын арада өндіріс көлемі белгіленген лимиттерге толық сәйкес келетіндей реттелетінін айтты.

«Қазақстанның жаһандық мұнай өндірісіндегі үлесі небәрі 1,5%, ал ОПЕК+ шеңберінде шамамен 3% екенін ескеру қажет. Бұл көрсеткіштер Қазақстанның әлемдік сұраныс пен ұсыныс балансына айтарлықтай әсер етпейтінін көрсетеді», — деп хабарлады министрлік.

Бұл туралы Reuters басылымы да жазды.

«Орталық Азия мемлекеті ақпан айында тәулігіне 1,767 миллион баррель мұнай өндірген, бұл қаңтардағы 1,570 миллион баррельден жоғары. Қазақстанның ОПЕК+ келісімі бойынша квотасы – тәулігіне 1,468 миллион баррель», — делінген басылым ақпаратында.

Бұған дейін де 2024 жылдың мамыр айында, Қазақстан ОПЕК+ квотасынан асып, тәулігіне 1,49 миллион баррель мұнай өндірген. Бұл квотадан тәулігіне 22 мың баррельге артық.

Сонымен қатар 2024 жылдың қараша айында Қазақстанның ОПЕК+ квотасын жүйелі түрде бұзып жатқаны және келесі жылы Теңіздегі өндірістің артуы жағдайды ушықтыруы мүмкін екені туралы болжамдар болды.

 

Cурет: Depositphotos

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
(ОПЕК+) баррель мұнай өндірген Болашақ кеңейту жобасы квота ҚР Энергетика министрлігі мұнай өндіру көлемі Теңіз кен орны
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.