Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Құлыбаевтар Қазақстан-Британ техникалық университетіне меншік құқығын қалпына келтіру үшін сотқа жүгінді
Наргиза Ерес жаңалық 11/03/2025

Құлыбаевтар Қазақстан-Британ техникалық университетіне меншік құқығын қалпына келтіру үшін сотқа жүгінді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы – Динара Құлыбаева мен оның күйеуі, олигарх Тимур Құлыбаев бұған дейін мемлекет меншігіне қайтарылған Қазақстан-Британ техникалық университетін (ҚБТУ) Конституциялық сот арқылы қайтаруға тырысып жатыр, деп жазды Kaztag агенттігі.

​Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сейсенбі күні өткен үкіметтік брифингте ҚБТУ-дың мемлекет меншігіне қайтарылуы туралы ақпарат берген. Ол бірінші және екінші сот инстанцияларының шешімдері бойынша ҚБТУ мемлекетке қайтарылуы тиіс екенін, қазір конституциялық шағым қаралып жатқанын, соңғы шешімді Жоғарғы сот шығаратынын айтқан.

Министр бұл процестің құқықтық алаңда жүріп жатқанын және министрлік бұл процеске қатысы жоқ екенін атап өткен.

4 наурызда бұқаралық ақпарат құралдары ҚБТУ мемлекет меншігіне өткені туралы жазды.

​Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) 2018 жылы жекешелендіру бағдарламасы аясында «Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қорының» меншігіне өткен. Қордың құрылтайшыларының бірі – Динара Құлыбаева. Алайда 2025 жылдың 27 ақпанында ҚБТУ-дың 100% акциясы «Қайтарылған активтерді басқару компаниясына» (ҚАБК) қайтарылған.

Биыл ақпан айында Bloomberg агенттігі Тимур Құлыбаевтың үкіметтік тергеу аясында мемлекетке шамамен 1 миллиард доллар төлеу туралы келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеген еді.

Одан бөлек былтыр Тимур Құлыбаев Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетін сотқа бергені туралы да Қазақстан БАҚ-тары жазды.

 

 

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қорының NNEF Динара Құлыбаева Конституциялық сот Қайтарылған активтерді басқару компаниясы ҚБТУ Құлыбаевтар меншік құқығы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.