2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көрсеткіштеріндегі айырмашылық 12,8 миллиард долларды құрады.
Қытай статистикасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанға жасалған экспорт 27,96 миллиард долларды құраған, ал Қазақстан кеденінің деректері бойынша бұл көрсеткіш небәрі 15,21 миллиард доллар болған. Айырмашылық – шамамен 13 миллиард доллар, оның ішінде қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша төлемдер 1,5 миллиард долларды құрауы мүмкін (баж салығын есептемегенде).
Егер тауарлық топтар бойынша деректерді егжей-тегжейлі талдайтын болсақ, негізгі айырмашылық киім мен аяқ киімге қатысты (бірнеше миллиард доллар). Бұл белгілі бір дәрежеде қалыпты жағдай.
Сурет: NRG_monitor
Алайда қызық жайт мынада: ҚХР мәліметтері бойынша, 2024 жылы Қазақстанға жеңіл автокөліктер экспорты 1,86 миллиард долларды құраған, ал біздің кеден 864 миллион доллар деп көрсеткен (яғни, 1 миллиард долларға аз).
Сонымен қатар Қазақстан жеңіл көлік шанағының импортын 424 миллион доллар деп тіркесе, Қытай бұл көрсеткішті небәрі 6 миллион доллар деп көрсеткен. Демек, кейбір кәсіпкерлер дайын көлікті шанақ ретінде декларациялап отыр.
Біз импорттың 53%-ын құрайтын 40 негізгі тауарлық топтың көрсеткіштерін талдадық. Тек осы 40 топтың өзінде айырмашылық 5 миллиард долларға жеткен.
Нұрлан Жұмағұлов
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев